Философия. Саясат. Қоғам

КҮН ТӘРТІБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Том 87 № 1 (2021), Философия. Саясат. Қоғам
Том 87 № 1 (2021)
2021-03-26 Көрілім саны: 274
Aлмас Арзикулов
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: almas_sunkari@mail.ru

Кілтті сөздер

күн тәртібін қалыптастыру теориясы
БАҚ ықпалы
жаңа медиа
күн тәртібінің түрлері
әлеуметтік желілер

Аңдатпа

Мақалада «күн тәртібін қалыптастыру» теориясының, оның қоғамдағы орны мен ықпалын, қазіргі кезеңдегі трансформациясын зерттеуге арналған бірқатар еңбектерге шолу жасалған. Ақпараттық күн тәртібінің зерттеу саласындағы қолданыстағы білім жүйесін тақырыптық түрде: күн тәртібінің мазмұны мен типологиясы, оны құру және өзгерту процесі, оны зерттеу әдістемесі, сондай-ақ ақпараттық күн тәртібінің қоғамдық-саяси процестер мен қатынастарға әсері сияқты бағыттарға бөлуге болады. Ақпараттық массивті құруға қатысу, оның мазмұндық элементтерінің таралуын бақылау қоғамдық-саяси субъектілердің маңызды функцияларының бірі. Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаңа бағытта қарқынды дамуы мен қоғамдық-саяси дамуының түрлі салаларына енуі ақпараттық күн тәртібін қалыптастыруға қатысты мәселелерді өзектендіреді. Қазіргі таңдағы әлеуметтік медианың ерекшеліктерін, қолданушының қол жетімділігін, олардың мазмұнын қалыптастырудағы қоғамның белсенділігі қоғамдық пікірлерді, көңіл-күй мен сұраныстарды айқын танытады. Осыған байланысты қоғамдық күн тәртібін бұқаралық ақпарат құралдарымен немесе саяси күн тәртібімен салыстыра отырып, әлеуметтік медианы қоғамдық күн тәртібін қалыптастыратын және негізгі тақырып ретінде қарастырылады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Арзикулов A. (2021). КҮН ТӘРТІБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ. Адам әлемі, 87(1), 66–77. https://doi.org/10.48010/2021.1/1999-5849.06