ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Қазіргі қазақстандық жастардың діни бағдарлаулары

Том 96 № 2 (2023), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 96 № 2 (2023)
2023-06-30 Көрілім саны: 183
Марат Джумагельдинов
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті e-mail: jummar@mail.ru
Роза Әлімбаева
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Райхан Сабирова
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Анаркүл Есімова
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Раушан Садықанова
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Ключові слова

дін, жастар, діндарлық, діни бағдарлар, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жүзеге асыру, әлеуметтік белгісіздік, экзистенциалды вакуум, рухани-адамгершілік мұраттар мен құндылықтар

Анотація

Мақалада қазақстандық жастардың діни бағдарлары қазіргі өмір контекстінде қарастырылады. Қазіргі өмір діннің қоғамдағы рөлінің өсуімен және оның жастардың санасына, дүниетанымына, өмірлік құндылықтар жүйесіне және діни бағдарларына ықпалының күшеюімен сипатталады. Бір жағынан, жастар өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылса, екінші жағынан, оларды дінге бет бұруға мәжбүрлейтін әлеуметтік белгісіздік жағдайына тап болады. Осыған байланысты жастардың дінге бет бұруының шынайы себептері қандай және олардың мінез-құлқы мен өміріне қалай әсер етеді деген сұрақ туындайды. Жұмысымыздың мақсаты – қазіргі қазақстандық жастардың діни бағдарларын зерттеу. Біз Қарағанды облысында тұратын 16 мен 28 жас аралығындағы жастар арасында И.М.Богдановскаяның әдістемесі бойынша «Діни бағдарлар» сауалнамасын жүргіздік, онда жастардың дінге бет бұруының негізгі мотиві «Идеал іздеу және рухани қуыс». Алынған нәтижелерді талдау қазіргі қазақстандық жастар арасында ішкі діни бағытқа қарағанда сыртқы діни бағыттың басым екенін, олардың дінге құндылық ретінде емес, проблемалық жағдайларда қолданылатын құрал ретінде қарайтынын көрсетті.

Як цитувати

Джумагельдинов, М., Әлімбаева, Р., Сабирова, Р., Есімова, А. ., & Садықанова, Р. . (2023). Қазіргі қазақстандық жастардың діни бағдарлаулары. Адам әлемі, 96(2), 168–180. https://doi.org/10.48010/2023.2/1999-5849.18