DOI:
Ключові слова
педагог философиясы, философия пәні, педагог дайындау философиясы, педагогикалық праксиология, педагогиканың философиялық негіздемесі
Ұсынылып отырған ғылыми мақала еліміздегі педагогикалық орта және жоғарғы оқу орындарындағы философия пәнін жаңаша оқытудың тиімді тұстарына арналған. Авторлар көптеген жылдар бойы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Философия» пәнін оқыту нәтижесінде болашақ педагог мамандарға білім философиясы, педагогикалық философия, философиялық антропология, мәдениет философиясы, этнография салаларынан түзілген сапалы гумандық білім жүйесін ұсынады. Мақалада педагог дайындау философиясы педагогиканың философиялық негіздемесі арқылы ашылады.
Басты мақсат педагогикалық ЖОО-ны студентінің өз мамандығына деген кәсіби-әлеуметтік адаптациясының қолайлы жағдайда жүзеге асуына тікелей ықпал ететін философия пәнін жасақтау. Өз мамандығын игеру барысында студент болашақ кәсібінің жағымды да жағымсыз тұстарымен бетпе-бет келеді. Біздің зерттеуімізде жиі кездескен жайттардың бірі студенттің педагогикалық практика барысында өз мамандығының шынайы тұстарымен жанасуы барысындағы кез-келген ситуацияда өз эмоциясын ақылға жеңдіріп, туындаған проблемаларға философиялық көзқараспен қарап гумандық әрекет ете алуы болды. Философия пәнін игеру арқылы қалыптасқан оң дағдылар ПЖОО студентінің педагогикалық праксиология арқылы теориядан практикаға дейінгі жолдарын тарқатып, жағымсыз тұстарды жағымды тұсқа қарай оңтайландыруға әрекеттеніп, кездескен қиыншылықтарды жеңіп, өз мамандығын игеруге күш салуына көмектесері анық.