ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

ҚИЯНАТСЫЗДЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ КЕҢІСТІГІ

Том 4 № 86 (2020), ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Том 4 № 86 (2020)
2020-12-26 Көрілім саны: 53
Толганай Мустафина
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: mustafina_tv@bk.ru

Ключові слова

қиянатсыздық, философия, қиянат, адам, сана, шиеленіс, келісім, күш, ақиқат, жауапкершілік

Анотація

Бұл мақалада қиянатсыздық философиясына, атап айтқанда, аталмыш ұстанымның мағыналық кеңістігіне қатысты талдау жасалады. Ұғымның құрамында болымсыз сипаттың болуы оны әр түрлі түсінуге, кейде мағынасын әлсіретіп қабылдауға себеп болып жатады. Алайда, қиянатсыздық қағидасы күш-жігер, саналы таңдау, батыл жауапкершілік сынды адами қасиеттермен тығыз байланысты. Мақалада күш қолдану немесе мәмілеге келе білу шеберлігі аясында ой тарқатылып, қиянатсыз болу дегенді қалай түсінуге болатындығы туралы пікірлер қарастырылады. Жұмыста қиянатсыздық философиясының классиктері саналатын Кант, Ганди сынды ойшылдардың философиялық толғаныстарымен қатар, бұл тақырып аясында зерттеулер жүргізіп жүрген замануи ғалымдардың еңбектеріне жүгіну орын алуда.

Як цитувати

Мустафина, Т. (2020). ҚИЯНАТСЫЗДЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ КЕҢІСТІГІ. Адам әлемі, 4(86), 52–61. https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5849.05