ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

ӘЛ-ҒАЗАЛИ МЕН ИБН ХАЛДУН ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Том 4 № 86 (2020), ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Том 4 № 86 (2020)
2020-12-26 Көрілім саны: 74
Жалгас Сандыбаев
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті e-mail: nmu.zhalgas@gmail.com

Ключові слова

Әбу Хамид әл-Ғазали, Ибн Халдун, ойшыл, ортағасыр философиясы, сұлтан, уәзір, ғылым, Мағриб, фиқһ, кәләм, мораль

Анотація

Мақалада исламдағы түрлі ғылым салаларында көптеп әсер қалдырған ортағасыр мұсылман ойшылы Әбу Хамид әл-Ғазали мен құқықтанушы Ибн Халдун философиясындағы сабақтастық мәселелері зерделенеді. Ибн Халдун де Ғазали сияқты адамдардың бір-бірімен әлеуметтік байланыс құру мәжбүрінде болғандықтан қоғамда түрлі мәртебелерге ие адамдар лайық қарым-қатынаста болулары қажет деген пікірін дамытты. Сол үшін Ибн Халдун қоғамның ең жоғарысында тұрған сұлтан, уәзір, әкімдер мен басшы лауазымдарының әрбіріне жеке тоқталды. Сол сияқты Ғазали мемлекеттің құлау себептерін және оны ұстап қалу үшін қандай шараларды іске асыру қажет екенін көрсетсе, Ибн Халдун сол қуатты мемлекетке жету үшін қоғамның қандай кезеңдерден өтетінін баяндайды.
Автор Ғазалидің адамгершілік, билік, саясат, кәләм, философия, мантық, ахлақ, фиқһ сияқты ілімдері мұсылмандық Шығыстың тарихи-философиялық және саяси әлемінде танымал Ибн Халдунның ғана емес, көптеген белгілі ғалымдарға өз ықпалын тигізбей қоймағандығын айтады. Мысалы, Ғазалидің кәләм ғылымындағы әсері Фаһраддин әр-Разимен шектелмеді, керісінше, одан кейін келген күллі кәләм ғұламаларын қамтып, біздердің күнімізге дейін жеткен. Разидің шәкірттері Асаруд-дин әл-Айбариден бастап Мұхаммед ибн Намауар әл-Хунжиге дейінгі аралықтағы мұсылман ғалымдары Ғазалидің пікірін жалғастырғандығын алға тартады.

Як цитувати

Сандыбаев, Ж. (2020). ӘЛ-ҒАЗАЛИ МЕН ИБН ХАЛДУН ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ. Адам әлемі, 4(86), 62–70. https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5849.06