ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ҚОҒАМДАРДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙНЕСІ

Том 4 № 86 (2020), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 4 № 86 (2020)
2020-12-26 Көрілім саны: 150
Құдайберді Бағашаров
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: kudaiberdi1981@gmail.com
Рәзия Шайкенова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ғылымбек Табашев
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Нұргүл Тутинова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ключові слова

Жаһил (қараңғылық) заманы, әйел адам, ислам діні, Құран Кәрім

Анотація

Бұл мақала ислам діні келгенге дейінгі қыздар мен әйелдердің қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәртебесін зерттеуге арналған. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі көрсетіледі. Бұл тақырып бұрынғы заманда ғана емес, қазіргі заманда да бүкіл әлем бойынша өзекті болып келеді. Негізгі бөлімге дейін, ислам кезеңінен бұрын ежелгі грек өркениеті, ману патшалығы мен яһудилік пен араб елдеріндегі әйелдердің құқықтары мен қоғамдағы орнына салыстырмалы талдау жасалды. Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде, қоғамдық өркениеттерде әйелдің тағдыры әралуан болғаны белгілі. Әр түрлі қоғамдық таптарда әйел адамның дәрежесі төмен болды. Негізгі бөлім қыздар мен әйелдердің қоғамда, неке және отбасы мәселесінде құқығының тапталғандығы және онымен санаспауы секілді мәселелер қарастырылады. Исламға дейінгі кезеңде араб қоғамында әйелдің құқығы аяққа тапталды. Қыз балаларды тірідей жерге көметін арабтар өлтіруге қимағандары қыздарын ұл балдарша киіндіріп, жұрттан жасырып ұстаған. Исламнан бұрынғы арабтардың азғынданғаны соншалықты, тіпті олар өгей шешелеріне дейін үйлене бергендігі аталып кетеді. Ислам діні әйелдің де адам екені және еркекпен бірдей дәрежеде құқығы бар екендігін көрсетеді. Осының барлығын ислам дінінде қарастырылған. Қорытынды бөлімде ислам діні – Алла тарапынан жіберілген соңғы дін. Оның келісімен әлем жаңарды.Ондағы жаратылыстың қадір-қасиеті белгіленіп, қызметі айқындалды. Жаһил дәуіріндегі жасалған надандық әрекеттер жойылып әйелдің мәртебесі көтерілді.

Як цитувати

Бағашаров, Қ., Шайкенова, Р., Табашев, Ғ. ., & Тутинова , Н. (2020). ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ҚОҒАМДАРДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙНЕСІ. Адам әлемі, 4(86), 104–113. https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5849.11