ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ. САЯСАТ

Қазақстанның этикалық және эстетикалық өлшемдегі қоғамдық құқығы

Том 4 № 86 (2020), ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ. САЯСАТ
Том 4 № 86 (2020)
2020-12-26 Көрілім саны: 52
Грета Соловьева
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: soloveva.greta@mail.ru

Ключові слова

этика, эстетика, әдемілік, ақиқат, ізгілік, келісім, бірегейлік

Анотація

Мақалада этикалық-эстетикалық сана этиканың құрамдас бөлігі басым бірыңғай феномен ретінде қарастырылады. Талдау екі әдісті салыстырмалы зерттеу арқылы жасалады: тақырыпты Қазақстанның қазіргі заман әдебиеті айнасы арқылы қоғамдық сананың бір түрі ретінде қарастырып және дәл сол мәселені социологиялық материал аясында да зерттеу. Бұл тәсілдер бірін-бірі өзара толықтырып, этикалық-эстетикалық өлшемдегі әлеуметтік сананың екі деңгейін
анықтауға мүмкіндік береді: болмыс және тиістілік. Әлеуметтану бастапқы деңгейде талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Әдебиет екіншісінің деңгейіне маңыз бере отырып, біріншісін де, екіншісін де үйлестіреді және шындықтың өзгеруі мен көрсетілген қайшылықтардың шешімін айқындайды.
Нәтижеде қазақстандықтардың этикалық-эстетикалық санасының басты құрылымы – көшбасшы ретінде қазақ халқының және елдегі барлық этностардың өзара бірлігі идеясы екендігі анықталды. Бұл идея терең моральдық мәнге ие, сонымен бірге онда көркемдік статусы бар, дәлірек айтқанда эстетикалық. Алауыздық қашан да сиықсыз нәрсе. Ал, өз кезегінде бірлік ізгілік пен сұлулықты үйлестіретін ғажап дүние.

Як цитувати

Соловьева, Г. (2020). Қазақстанның этикалық және эстетикалық өлшемдегі қоғамдық құқығы. Адам әлемі, 4(86), 123–128. https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5849.13