ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ. САЯСАТ

Нормативті-моральдық пайымдаулардың табиғаты

Том 4 № 86 (2020), ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ. САЯСАТ
Том 4 № 86 (2020)
2020-12-26 Көрілім саны: 50
Альмира Омарова
Университет Джавахарлал Неру e-mail: omarova-almira@mail.ru

Ключові слова

нормативтілік, моральдің нормативтілігі, метаэтика, моральдық пайымдаулар, шынайы және жалған пікірлер, моральді шынайылық

Анотація

Моральдық пайымдаулар туралы философиялық ой-толғаулар әр уақытта философтардың назарында болған. Аталған мәселе нормативтілік саласының маңызды бөлігі, себебі ойшылдардың басым бөлігі моральдық пайымдаулар белгілі бір іс-әрекеттердің себебі деп есептейді, осылайша бізге қалай әрекет етуді және белгілі бір шарттар аясында қандай әрекеттердің шын екені туралы нұсқау береді. «Адам өлтіру жаман іс болып табылады» деген моральдық мәлімдеме нұсқаулық сипатқа ие және бірінші қатардағы этикалық сұрақтар саласына жатады. Моральдық реалистердің пікірлерінше моральдық пайымдаулар қандай да бір пайымдауларды білдіреді, сол себепті шынайылық және жалғандық шарттарына бағынады. Осылайша, моральдық қорытындылар логикалық тұрғыдан дәлелденген алғышарттардан шығарылуы мүмкін. «Адам өлтіру жаман іс болып табылатыны» туралы қалайша қорытынды шығаруға болады және бұл мәлімдемені қалай дәлелдеуге болады? «Жаман» термині қандай мағынаны береді? Осы тәріздес философиялық мәселелер екінші қатарлы сұрақтар ретінде белгіленген, олар метаэтика саласына жатады. Бұл мақала Дэвид Копп және Ральф Веджвуд сынды метаэтиктердің қорғаған нормативтілік және моральдық пайымдаулардың табиғаты тақырыбына арналған. Бұл мақаланың мақсаты нормативті-моральдық пайымдаулар табиғаты туралы ағымдағы пікірталасын талқылау болып табылады. Қорытындылай келе, автордың мәлімдеуінше нормативті-моральдық пайымдаудың танымдық мәні болуы мүмкін, сонымен бірге біз өмір сүріп жүрген шындықтың негізгі
бөлігін құрайтын, нақты моральдық фактілерге қатысты пайымдаудың шынайылығы мен жалғандығы шарттарына жатады.

Як цитувати

Омарова, А. (2020). Нормативті-моральдық пайымдаулардың табиғаты. Адам әлемі, 4(86), 129–135. https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5849.14