ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ. САЯСАТ

«МӘДЕНИ МҰРА» КАТЕГОРИЯСЫН ТАЛДАУ

Том 4 № 86 (2020), ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ. САЯСАТ
Том 4 № 86 (2020)
2020-12-26 Көрілім саны: 84
Сайра Рахипова
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті e-mail: sayra.76@mail.ru
Даурен Тойматаев
. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Гульжан Абдигалиева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ключові слова

мәдениет, мұра, дәстүр, қоғам, руханият, философия

Анотація

Мақалада қазақ дүниетанымында ерекше орын алатын мәдени мұра мәселелері қарастырылады, бұл категорияға тарихи-философиялық талдау жасау қазіргі ғылымның талабы болып табылады. Рухани, әлеуметтік, саяси және идеологиялық факторлармен анықталады. Мәдени мұра деп біз мәдени дәстүрлерді, мінез-құлықтың тұрақты стандарттарын, адамгершілік нормалары, ойлау стереотиптері, саяси, құқықтық және философиялық идеялар, эстетикалық ұғымдар сияқты рухани құндылықтарды түсінеміз. Дәл осы дәстүрлер халықтың қазіргі өмірінің тарихи тамырларын құрайды және оның мәнін көрсетеді. Кез-келген қоғамда адамзаттың ғасырлар бойғы дамуы нәтижесінде қалыптасқан мәдениет болады. Мәдениет әлеуметтік тәжірибені таратудың негізгі формасы ретінде қоғамның тарихтағы өміршеңдігіне ықпал етеді және әрдайым алдыңғы буындардың тәжірибесін сақтайды. Мәдениет – адамзат қалыптастыратын, сақтайтын және тарататын мұралық ақпарат жиынтығы. Мәдени мұраны тарихи-философиялық тұрғыдан зерттеу рухани мәдениетті нығайтады.

Як цитувати

Рахипова, С., Тойматаев, Д. ., & Абдигалиева, Г. . (2020). «МӘДЕНИ МҰРА» КАТЕГОРИЯСЫН ТАЛДАУ. Адам әлемі, 4(86), 136–144. https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5849.15