DOI:
Ключові слова
экология, жасыл экономика, қаланы көгалдандыру, тұрақты даму
Мақалада тұрақты даму тұжырымдамасы аясында экологиялық мәселелер талқыланады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасында ұсынылған «жасыл экономиканың» тұжырымдамалау бойынша талқылаулар қарастырылған. Мақала авторы жасыл экономика стратегиясына сүйене отырып, экологияның маңызды міндеттерінің бірі жасыл қала инфрақұрылымын дамыту деп санайды. Мақалада қалалық кеңістіктегі ландшафттарды көгалдандыру тұрақты экологиялық даму факторларының бірі болып табылады деген ұстанымға негізделген. Автордың пікірінше, тұрақты даму және өсу мақсатына жету үшін жасыл экономика бойынша ұлттық стратегияларда оң халықаралық тәжірибені пайдалану қажет.