DOI:
Ключові слова
фундаментализм, дәстүршілдік, иджтихад, тақлид, мұсылман әлемі
Жартылай көшпелі дәстүрлі қоғамнан ХХ ғасырда кеңестік зорлықшыл модернизацияны бастан өткізген заманауи қазақстандық қоғамның негізгі әлеуметтік құрамдастарының өзіндік бірегейлігін өзгертудегі басым шарт қоғамдық санаға деколонизация жасап жаңарту болып отыр. Бұл модернизацияның міндеті ұлттық жәнедіни менталитеттегі адам, қоғам және мемлекет туралы, олардың өзара байланыстары туралы архикалық көнерген түсініктерден, тозығы жеткен дәстүр мен әдеттерден, олардың рудименттері мен стереотиптерден арылу болып табылады. Алайда, сонымен бірге, сананы жаңартудың бұлжымас тағы бір қағидасы – бұл ұлттың тарихи дамуы барысында жасақталған іргелі рухани-адамгершілік құндылықтардың, яғни ұлттық болмыстың өзегін құрайтын діни және мәдени кодының мызғымас күйінде қалуы болып табылады. Бұл екі үрдіс дәстүр мен жаңашылдықтың тиімді тепе-теңдігін табудың ғылыми негізделген алғышарттарына мұқтаж. Сондықтан мұсылман әлеміндегі реформаторлық дискурстың теологиялық мәселелерін қарастыру, әсіресе он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырларда орын алған жәдидшілдік пен қадымшылдық тартысын талдау бізді ислами фундаментализм мен дәстүршілдіктегі иджтихад және тақлид тақырыптарының көтерілуіне қарай жетелейді.