ФИЛОСОФИЯ. ДӘСТҮР. МӘДЕНИЕТ

АЛАШ ЗИЯЛЫСЫ МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ «ОЯН, ҚАЗАҚ!» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ

Том 103 № 4 (2025), ФИЛОСОФИЯ. ДӘСТҮР. МӘДЕНИЕТ
Том 103 № 4 (2025)
2025-11-04 Көрілім саны: 62
Умбетхан Сарсембин
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті e-mail: sarsembin82@bk.ru
Қарлығаш Ахметова
С. Бәйшев атындағы Ақтөбе университеті

Кілтті сөздер

Ұлт, мемлекет, ел, қоғам, ұлттық идея, ұлттық бірегейлік, өнер, еркіндік

Аңдатпа

Мақалада алаш зиялысы Міржақып Дулатұлының рухани мұраларындағы әлеуметтік философиялық мәселелер қарастырылған. Барлық кезде де ұлт зиялыларын ортақ практикалық мәселеге шоғырландырып отырғаны ұлттың болашағына қатысты мәселе екендігі белгілі. Барлық елдердің тарихында да солай болған. Автордың пайымдауынша, бүгінгі қоғам мен адам мәселесін зерттеуде ескеруді қажет ететін нәрсенің бірі, осы алаш зиялылары көтерген ұлт мәселесі. Олардың тәжірибесінде ұлт болашағына қатысты мәселелер, құндылықтар қалай зерделеніп, жолға қойылған болса, бүгін де сол із қазақ қоғамында жалғасуы керек. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» шығармасындағы барлық мәселелер негізгі мәселе ұлт мәселесін шешуге бағытталған. Ұлт пен тұлға барлық кезде де бір-бірімен тығыз байланысты, қоғамдағы әлеуметтік проблемалар қай кезде де ұлт мәселесінен тысқары кетпеген.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сарсембин, У., & Ахметова, Қ. (2025). АЛАШ ЗИЯЛЫСЫ МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ «ОЯН, ҚАЗАҚ!» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ. Адам әлемі, 103(4), 51–56. https://doi.org/10.48010/aa.v103i4.467