DOI:
Ключові слова
Сопылық, бекташилік, маламатилік, ясауилік, тариқат, текке, зікір, әдеб.
Мақалада түркі халықтарының діни және философиялық дүниеге көз-қарастарының дамуында маламатилік, бекташилік және ясауилік тариқаттарының ықпалы көрсетіледі. Орталық Азия халықтарының түркілік болмысын сақтауларына және толық исламдануларына ықпал еткен факторлардың бірі – сопылық. Қожа Ахмет Ясауи, Маулана, Қажы Бекташ Уәли, т.с.с. сопы-ойшылдардың рөлі ясауилік, маулауилік, бекташилік сопылық тариқаттарды қалыптастыруда ғана емес, әлеуметтік және экономикалық өмір мен ислами өнердің дамуында, діни білім мен ағартуды жүзеге асыруда көрінді. Түркі халықтарының руханияты мен дүниетанымдық мәселелері мен сұрақтарының сопылық ілімі аясында шешіліп келуінің астарында Алла Тағаламен тығыз байланыс сезіледі, Оның даналығына құштар болу мен еліктеу, өмірлік ұстанымдарында діни және ұлттық тамырларды сабақтастыра ұстай білу сынды тұтастылықты сезіну байқалады. Осы орайда бекташилік, маламатилік пен ясауилік мәдениет іздері зерделеніп, олардың ортақ негіздері мен белгілері түсіндіріледі.