ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Мирча Элиаденің діни мифологиялық ілімдеріндегі адам мәселесі

Том 98 № 4 (2023), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 98 № 4 (2023)
2023-12-20 Көрілім саны: 59
Толен Баракбаева
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті
Султанмурат Абжалов
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті e-mail: sultanmurat.abzhalov@ayu.edu.kz
Альбина Дуйсенбаева
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті

Ключові слова

адам, архетип, философия, абсолютті, қасиетті, иерофания

Анотація

Мирча Элиаде – румыниялық мәдениет философы, дінтанушы, мифология зерттеушісі, жазушы. Бұл зерттеу жұмысында М.Элиаденің жан–жақты классикалық зерттеу әдістері қарастырылады. Оның рухани құндылықтар концепциялары шығыстық және батыстық дінтану, философия, мәдениеттану, әдебиеттану үшін де маңызды. Элиаде бойынша фактілерді дұрыс түсіну үшін қолданбалы дінтану мен мифтердегі қарапайым фактілерді негізге алу керек. Оның жазбаларында діни құрылым және құбылыстардың мағынасы тереңдетіп түсіндіреді. Ол үшін мифтік символикалар және мәдени рәміздер адамды нұрландырып, өмір сүру принциптеріне интуициялық инсайттар береді. Осындай интуициялық мәдени түйсіктердің өз ішкі шындықтары бар. Адам өмір сүруін шектеу, яғни шығармашылық еркіндіктерін шектеу мен рухани құлдырату жағдайларында «ішкі мәдени шындық» арқылы адам бәрін жеңе алады. Осылайша Элиаде тұжырымдамасы шынайы діни өмірдің қайнар көздерінен бір нәрсені табуға үміттенді. Ойшылдың діни жобасында «құдай» идеясы «қасиетті» сөзімен алмастырылды. Қасиетті мағынасын толық ашу үшін рационалдық және ирроционалдық тұрғысынан қарастыру керек дейді. Қасиетті, аты-жөні жоқ, бет-бейнесі жоқ абсолютті шындық Элиаде армандаған «планетарлық гуманизмнің» негізіне айналуы тиіс еді.

Як цитувати

Баракбаева, Т., Абжалов , С. ., & Дуйсенбаева, А. (2023). Мирча Элиаденің діни мифологиялық ілімдеріндегі адам мәселесі. Адам әлемі, 98(4), 148–158. https://doi.org/10.48010/2023.4/1999-5849.14