DOI:
Ключові слова
ислам
діни төзімділік
исламдық төзімділігі
постнормалды кезең
конфессияаралық қатынастар
мәдениетаралық қатынастар
Бұл мақалада қазақстандық қоғам шындығындағы исламдық төзімділік феноменін проблемалық тұрғыдан қарастырып, постнормалды кезеңдегі исламдық төзімділігінің рөлі талданады. Авторлар ислам толеранттылығын зерттеуде феноменологиялық, постструктуралистік талдау әдістерін, сондай-ақ пәнаралық көзқарасты пайдаланады. Авторлардың ұстанымы исламның қазақ қоғамы үшін әсерлі позитивті әлеуетке ие екендігіне негізделеді, өйткені Қазақстанның көпмәдениетті тұрғындарының конфессияаралық қатынастарына төзімділіктің аксиологиялық мазмұны тұрақты маңызға ие. Исламға ретроспективалық көзқарас исламның әуел бастан өзі бірге өмір сүретін барлық дәстүрлердің өмір сүру құқығын мойындады деген қорытындыға келуге мүмкіндік берді, бұл исламның халықаралық, конфессияаралық өзара әрекеттесуге бағдарлануын алдын ала белгіледі. Мұсылман ғалымы З.Сардар әзірлеген постнормалды кезеңдегі исламдық толеранттылық феномені ерекше өзекті болып табылады. Авторлар постнормалды кезең ұғымы мен себептерін талдайды, сонымен қатар оны қазақстандық қоғам өмірімен байланыстыра түсіндіреді. Авторлар келешекте исламдық төзімділікті зерттеу қазіргі әлемдегі исламның этикалық мазмұнын алға шығаруы мүмкін деген қорытындыға келеді.