ФИЛОСОФИЯ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

А КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ

Том 101 № 3 (2024), ФИЛОСОФИЯ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Том 101 № 3 (2024)
2024-09-27 Көрілім саны: 33
Самал Мамытова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Айгүлім Айтбаева
Нархоз университеті
Айымжан Рыскиева
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті
Нурлан Муминов
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: n.muminoff@gmail.com

Ключові слова

ұлттық идея, философия, шығармашылық, әдебиет және өнер, ұлттық бірегейлік

Анотація

Адамзат тарихында әрбір халық ұлт және мемлекет болып қалыптасуында сан түрлі даму жолынан өтті. Ұлттық идея мен ұлттық философияның пайда болуы халықтың ел, мемлекет болып ұйысуына көмектесті. Ұлттық идеяның қалыптасуы мен дамуына өзіндік әр түрлі факторлар ықпал етеді, соның бірі халықтық көркем шығармашылық болды. Халықтың көркем шығармашылығы ұлттық идея мен оның философиясының дамуына серпін берді. Қазіргі кезде әлем халықтары арасынан өзінің ұлттық болмысының тіктеліп, дамуында халықтық шығармашылық пен әдебиеттің көмегі аса маңызды болғаны байқалады. Бұл ғылыми мақалада халық шығармашылығының, өнер мен мәдениеттің ұлттық идея мен ұлттық философияны қалыптастырудағы қызметі мен рөлі қарастырылған. Мақаланың негізгі ғылыми мақсаты – көркем шығармашылықтың ұлттық сананы дамытуға қосқан үлесін анықтау. Жұмыста ұлттық идеяның қалыптасу жолдары мен оның әртүрлі халықтар арасындағы даму ерекшеліктері салыстырмалы талдау арқылы қарастырылады. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен көркем шығармашылығына, сондай-ақ олардың қазақ ұлттық философиясының дамуына ықпалына ерекше назар аударылады. Ұлттық идея мен философияның әрбір халық үшін қажеттілігі мен маңызы туралы қорытынды жасалады.

Як цитувати

Мамытова, С., Айтбаева, А., Рыскиева , А., & Муминов, Н. (2024). А КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ. Адам әлемі, 101(3), 25–36. https://doi.org/10.48010/aa.v101i3.505