ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ИСЛАМДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ «КИЕЛІЛЕР» КУЛЬТІ

Том 99 № 1 (2024), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 99 № 1 (2024)
2024-03-31 Көрілім саны: 59
Гүлнұр Камишева
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Гүлзира Оралова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Айдынгүл Төлебаева
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті e-mail: aidyn42@mail.ru
Наджие Йылдыз
Қажы Байрам Вели университеті

Ключові слова

Ислам, құрани интеллектуализм, білімнің культі, ғылым, өркениет, жаһандану, әулие-әмбие, мазар.

Анотація

Мұсылман өркениетінің қалыптасуы араб халифатының пайда болуымен, дамуымен тікелей байланысты. ҮІІ ғасырда жаңадан пайда болған монотеистік дін Ислам солтүстіктегі Орта Повольжеден оңтүстіктегі Мадагаскарға, батыстағы Африканың Атлант жағалауынан шығыстағы Азияның Тынық Мұхит жағалауына дейін таралды. Эллиндік Жер орта теңізін үнді-иран әлемімен біріктірген Александр Македонский дәуірінен кейін араб халифаты бес ғасырдан астам уақыт бойы әлемдік өркениеттің материалдық және ғылыми-философиялық орталығы болды. 1258 жылғы монғол шапқыншылығынан кейін Бағдадтың құлауы мен Аббасидтер халифатының жойылуы ислам өркениетінің құлдырауына әкелді. Кезіндегі ортақ мәдени кеңістік араб, иран, түрік және т.б. ареалдарға бөлінді. Дегенмен де Ислам дінінің бейбітсүйгіштік, ынтымақтастық сияқты идеалдары оның үмметтерінің саяси, этникалық және мәдени сепаратизміне қарамастан, олардың рухани бірлігін қалыптастырды.
Автор ислам дінінің оған дейін қалыптасқан діни жүйелері болған аумақтарға тарағанын айтады. Сондықтан ұзақ уақыт бойы Ислам бұл аймақтарда үстемдік ететін дін болған жоқ, сондықтан халықтардың рухани болмысына «кірігуге» мәжбүр болды. Сол себепті кейбір аймақтарда таза діни ғибадаттармен қатар Исламға дейінгі наным-сенімнің канондары бойынша әулие-әмбиелерді, олардың мазарларын киелі санаудың қатар келетініне тоқталады. Сонымен қатар, мұсылмандардың діни санасындағы мұндай компоненттердің орны мен рөлі барлық өңірде бірдей болған жоқ.
Мақалада мұсылман өркениеті классикалық кезеңінің базистік аспектілеріне қатысты Ислам құндылықтары мен институттары реформаторлық-модернистік тұрғыдан анықталып, талданады. Сонымен қатар постклассикалық исламдағы киелілер культі мен киелі орындарға деген қарым-қатынас мәселесі қарастырылады.

Як цитувати

Камишева, Г. ., Оралова, Г. ., Төлебаева, А., & Йылдыз, Н. (2024). ИСЛАМДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ «КИЕЛІЛЕР» КУЛЬТІ. Адам әлемі, 99(1), 151–160. https://doi.org/10.48010/aa.v99i1.508