ТАРИХ ЖӘНЕ ДӘСТҮРДЕГІ ФИЛОСОФИЯ

Коммуникативтік қоғам теориялары: философиялық тәсіл

Том 98 № 4 (2023), ТАРИХ ЖӘНЕ ДӘСТҮРДЕГІ ФИЛОСОФИЯ
Том 98 № 4 (2023)
2023-12-20 Көрілім саны: 65
Жанат Досхожина
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті e-mail: zhanatdoskhozhina@gmail.com

Ключові слова

коммуникация, қоғам, өзара іс-қимыл, ақпарат, адам, құндылықтар

Анотація

Қоғам бөлінісіндегі коммуникацияның табиғатын зерттеу коммуникацияның социумды талдаудағы рөлін ғана емес, сонымен қатар коммуникацияның басым әлеуметтік институттардың қалыптасуына әсер ету деңгейін түсінуге және анықтауға ықпал етеді. Осыған байланысты, бұл зерттеу коммуникативті қоғамның жүйелік теорияларын келесі бағыттарда талдауға бағытталған. Біріншісі, әлеуметтік-мәдени практиканың мамандандырылған салаларында, яғни қоғамда қандай да бір коммуникативтік әрекеттерді жүзеге асыру тәсілдері; екінші, жүзеге асырылатын коммуникацияның сипаты бойынша, мысалы, тұлғааралық немесе іскерлік; үшіншіден, коммуникациялық процестердің ақпараттық толықтығы қағидаты бойынша. Осы тұрғыда философиялық тәсіл, ең алдымен, коммуникация субъектісінің рухани қызметіне, оның дүниетанымдық ұстанымдары мен бағдарларын, ұғымдары мен түсініктерін, ізгілік құндылықтар игілігі үшін көзқарастары мен пікірлерін өзгертуге бағытталады.

Як цитувати

Досхожина, Ж. (2023). Коммуникативтік қоғам теориялары: философиялық тәсіл. Адам әлемі, 98(4), 50–58. https://doi.org/10.48010/2023.4/1999-5849.05