DOI:
Ключові слова
бірегейлік, мәдени бірегейлік, мәдениет, мәдениеттер арасындағы байланыс, жаһандану, глобализм, антиглобализм, альтерглобализм, жаңғыру, неолиберализм, мондиализм
Мақала қазіргі жаһандық процестер аясындағы мәдени бірегейліктің ерекшеліктеріне арналған. Мақала авторлары А.С. Панарин, А.А. Хамидов және басқалары тұжырымдаған жаһандану (глобализация) және жаһандықты (глобализм) ажырату тұжырымдамасын қолдайды. Авторлардың көпшілігі бұл ұғымдарды бір-бірінен ажыратпайтындықтан, олардың ұстанымдарында көптеген сәйкессіздіктер, қайшылықтар мен шатасулар орын алады. Мақалада жаһандану бүкіләлемдік тарихи процестің маңызды бір көрінісі ретінде қарастырылады. Сондықтан әрбір үлкен және кіші мәдениеттердің дамуы барысында өзгеретін және дамитын өзіндік ерекшеліктері (бірегейлік жиынтығы) болады. Бір орталықтан, оның мүддесі үшін әлемді басқару мақсатында неоглобализм мен мондиализм идеяларына негізделген глобализмнің стратегиясы мен тактикасы барлық мәдениеттерді біріздендіруге, олардың бірегейлігін қамтамасыз ететін барлық айырмашылықтарды теңестіруге әкеледі.