DOI:
Ключові слова
коммуникация, прагматизм, солипсизм, тіл, дискурс, интертекстуалдық, таным
Мақалада коммуникацияның лингвистикалық проблемаларын зерттеудің философиялық теориялары мен әдіснамалық тәсілдері қарастырылады. Адами коммуникацияның іргелі проблемаларын пайымдауда арнайы ғылыми-теориялық әзірле-мелерге және философиялық қорытуларға жүгіну қазіргі заманғы әлемде адами қарым-қатынас үлгісін қалыптастырудың негізгі қажеттілігі болып табылады. Жаһандық дәуір адамы үшін көру және сенім нүктелерінің қақтығысын қамтитын еркін және ашық диалог жүргізу жолы демократиялық қоғамның өмірлік маңызды проблемаларын реттеудің тұғырына айналды. Бастапқыда коммуникация проблемаларын жеке аспектіде зерттеген экзистенциализм мен персонализм философиясы бүгінгі күні тұтастай адамзаттың жаһандық объектісі ретінде коммуникацияны зерттей отырып, жеке тұлғаның шегінен шығады. Осыған байланысты коммуникацияның лингвистикалық проблемаларын философиялық дискурс жүргізу арқылы зерделеу ақпараттық-коммуникациялық практикаларды модельдеу үшін, әсіресе коммуникативтік табиғатты дұрыс түсіну үшін неғұрлым қызықты және негізделген болып көрінеді.