DOI:
Ключові слова
Ислам
шариғат
құқық
әһлия
әрекет қабілеттілігі
қабілетсіздік
Бұл мақалада ислам шариғатындағы «әһлия» ұғымы зерттеліп, оның мағынасы мен түрлері, сондай-ақ тұлғаны әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп тану талаптары қарастырылады. Ислам шариғатындағы құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі жеке тұлғаның заңдық маңызы бар әрекеттерді жасауға, жауапкершілік көтеруге және құқықтық қатынастарға қатысуға қабілеттілігін білдіреді. Ислам шариғаты бұл мәселеге адамның өз міндеттерін түсініп, әрекет ету қабілетін ескере отырып қарайды. Талдау ақыл, психика, жас сияқты әртүрлі сипаттамаларды қарастыруды, сондай-ақ құқық қабілеттілігіне әсер ететін уақытша факторларды зерттеуді қамтиды. Ақыл-есі кем немесе жоқ адамдардың, тәмиз (естияр) жастағы (7 жас) балалардың қабілеті анықталады. Адамның әрекетке қабілетсіздігі немесе әрекетке қабілеттілігінің шектеулі туралы шешімді сот немесе адам тұлғаның қабілетіне қарай қабылдауы мүмкін. Шектеулер адамның еркінен тыс кездейсоқ жағдайларға байланысты немесе адамның өз еркімен туындауы мүмкін. Құқық қабілеттілігі адамның туған кезде, ал әрекет қабілеттілігі саналық немесе жыныстық жетілу кезінде пайда болуы адамның құқықтары мен міндеттерінің уақыт өте өзгеретінін көрсетеді. Фиқһ ғалымдары адамның дүниеге келгеннен бастап өлімге дейінгі жағдайын реттейтін ережелерді белгілеп, бұл мәселенің ислам шариғатындағы маңыздылығын көрсетеді. Мақала авторлары адамның қабілетіне психикалық және физикалық күй әсер ететін көзқарасты ұстанады, бұл өзгерістер оның өмірінің әр кезеңінде байқалады. Құқық пен әрекет қабілеттіліктің бірден пайда болмай, бірте-бірте арта түсуі адамның ақыл-ойы мен жай-күйін ғана емес, оның жасын, ақыл-парасатын, адамдық сипатын да ескеру қажеттігін көрсететіні атап өтіледі.