ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Ислам фундаментализмінің дамуына әсер ететін әлеуметтік-саяси факторлар

Том 100 № 2 (2024), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 100 № 2 (2024)
2024-06-27 Көрілім саны: 95
Бауыржан Ботакараев
А.Ясауи атындағы ХҚТУ e-mail: bauyrzhan.botakarayev@ayu.edu.kz
Юсуф Бенли
Эрджиес университеті

Ключові слова

фундаментализм
идеология
діндер арасындағы диалог
діни толеранттылық
исламдық бірегейлік
діни ағымдар
радикалдану
фундаментализм, идеология, діндер арасындағы диалог, діни толеранттылық, исламдық бірегейлік, діни ағымдар, радикалдану

Анотація

Діни фундаментализмі өзекті зерттеу нысаны болып табылады, оның шығу тегі, дамуы және жаһандық салдарын неғұрлым толық түсіну үшін терең талдауды қажет етеді. Бұл ғылыми мақалада біз ислам фундаментализміне қатысты зерттеулерге шолу, сонымен қатар қолда бар теориялар мен эмпирикалық деректерге сүйене отырып, талдау жасаймыз.
Біз ислам фундаментализмінің қалыптасуының тарихи контексін зерттей отырып, оның дамуына ықпал еткен негізгі оқиғалар мен факторларды атап өтеміз. Бұл құбылысты түсінуде әлеуметтік, экономикалық және саяси аспектілердің маңыздылығын, сондай-ақ оның эволюциясына жаһандық үрдістердің ықпалын атап өтеміз.
Түрлі аймақтардағы ислам фундаментализмінің әртүрлілігіне, сондай-ақ оның лаңкестікпен және халықаралық қауіпсіздікпен байланысына назар аударылады. Мемлекеттер мен әлемдік қауымдастық деңгейінде исламдық фундаментализмге қарсы тұру стратегиялары талданады. Мақаламыз ислам фундаментализмін оның діни аспектілерінен тыс терең түсінуге шақырады және бұл құбылыстың таралуына жол бермеу үшін одан әрі зерттеу және стратегияларды әзірлеу бойынша ұсыныстар беріледі.

Як цитувати

Ботакараев, Б., & Бенли, Ю. . (2024). Ислам фундаментализмінің дамуына әсер ететін әлеуметтік-саяси факторлар. Адам әлемі, 100(2), 151–159. https://doi.org/10.48010/aa.v100i2.569