DOI:
Кілтті сөздер
Қазақ дәстүрі, адам болмысы, этикалық категориялар, адамгершілік, ар, ұят, әділдік, парыз
Мақаланың негізгі мақсаты ғасырлар бойы қазақ дәстүрінде қалыптасқан тіршілік мәніне деген қатынасын талдау арқылы, этикалық категорияларды анықтау, талдау. Осы мақсатқа жетуде көшпелілер дүниетанымының өзегі болатын «адам және адамгершілік» қатынасын құрайтын адам болмысының негізі болып табылатын қасиеттер мен әрекеттер этикалық категориялар ретінде талданады. Осыған байланысты, болмысын құрайтын қазақ дүниетанымына тән ұлттық болмыс пен оның көріну формалары этикалық категория ретінде феноменологиялық бағалаудың нысанына айналды. Бұл тұрғыда, тарихи-мәдени, аңыз бағытындағы, фольклор негізінде материалдарға сүйене отырып, елдік санада қалыптасқан қазақ дәстүріндегі адам болмысының қалыптасуының тәжірибелік аспектілері зерделенді. Дәстүр немесе қалыптасқан мәдениет түрі – адам болмысының тіршілігін айқындаушы факторлар. Адам болмысын құрайтын этикалық категорияларды анықтау арқылы халқымызға тән ұлттық болмысымызды анықтауға жол ашамыз. Осы мақсатты айқындау барысында қонақжайлылық, ұят, тәуба, әділдік, парыз тәріздес категориялар этика ілімінің аппаратын құрайтын субстанция ретінде философиялық контексттегі талдаудың құралына айналды. Қазақ дәстүріндегі этикалық категорияларға феноменологиялық баға беру жоғарыда ұсынылған этикалық категориялардың мәнін аша түседі. Себебі феноменологиялық баға беру дегеніміз кез келген категорияның мәніне үңілуді аңғартады.