DOI:
Ключові слова
методология, дизайн, әдіс, сапалы зерттеу тәсілі, бірегейлік, азаматтық бірегейлік, этникалық бірегейлік, этнос, этникалық топ.
Мақалада зерттеушілер «Қазақстан этникалық қауымдастықтарындағы әйелдер азаматтық және этникалық бірегейлікті өндіру және қалыптастыру каналы ретінде (Түркістан облысы және Шымкент қаласы мысалында)» зерттеу жобасың негізінде зерттеуді ұйымдастыру және жүргізудегі өз тәжірибесін сипаттады. Бұл мақала этносаралық салада ғылым және зерттеумен айналысатын қазақстандық ғалымдар, мамандар, студенттерге бағытталған. Ондағы егжей-тегжейлі сипатталған зерттеу жобасының әдіснамасы мен дизайнын құрастыру логикасы, далалық кезеңді жүргізудегі қолданбалы тәжірибені талдау үлгісі нақты осы салада зерттеудің әдіснамасы мен дизайнын құрастыру, далалық зерттеуді жүргізу туралы білімді қалыптастырады.
Зерттеудің әдістемелік негізі ретінде методологиялық талдау әдісі таңдалды. Бұл әдіс қазақстандық ғылыми ортада сирек кездесетін болғандығы үшін осы мақаланың маңыздылығын арттырады.
Мақалада «бірегейлік», «азаматтық бірегейлік», «этникалық бірегейлік» ұғымдарының тұжырымдамасы берілген, нарративті сұқбат әдісін жүргізу ережелері, оның кемшіліктері мен артықшылықтары, далалық кезеңде зерттеушілердің кезіккен қиындықтары сипатталған.
Жалпы, мақала әлеуметтанушылар үшін сапалық зерттеу әдістерін, оның ішінде өте сирек қолданылатын нарративті сұқбатты қолдану бойынша бір нұсқаулық болып есептеле алады.