DOI:
Кілтті сөздер
мәслихаттар
реформалар
жергілікті өкілді органдар
кеңестер
сенім
Өзінің отыз жылдық мерейтойына орай мәслихаттар институты ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың саяси реформаларының бастамасымен жаңару кезеңін бастан өткізуде. Қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы қаралып жатыр, басқарудың төменгі деңгейлерінде мәслихаттардың аналогын құру, мәслихат қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне өзгерістер енгізу жоспарланған. Институттың эволюция логикасын құру үшін осы жарияланымда мәслихаттар тарихының негізгі кезеңдері мен маңызды оқиғалары бөлініп қарастырылды.
Енгізілетін өзгерістер мәслихаттардың тиімділігін арттыруға, олардың жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимылын жандандыруға бағытталған. Осы мақсаттарға қол жеткізу және елдегі реформалардың нәтижелілігі жалпы алғанда азаматтардың сеніміне байланысты. Мәслихаттарға қатысты осы көрсеткішті бағалау үшін «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтының жаппай сауалнама нәтижелері ұсынылды. Социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша азаматтардың шамамен тең саны (әрбір үшінші адам) мәслихаттарға деген сенімі мен оларға қатысты бейтарап ұстанымын білдірген. Бейтарап баға сенімді қарым-қатынастардың өсуі үшін үлкен алғышарт болып табылады, сондықтан жергілікті өкілді органдарға деген халықтың сенімін арттыру шаралары бойынша ұсыныстар берілді. Зерттеу осы көрсеткіш бойынша елеулі өңірлік айырмашылықтарды анықтап, сондай-ақ сенім деңгейі жоғары азаматтардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларын анықтады.