DOI:
Ключові слова
Дәстүр, әдет-ғұрып, шариғат, билер соты, халифа
Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамындағы дін мен әдет-ғұрып заңдарының өзара байланысы мен ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар шешендік өнердің қазақ билері сотындағы орны мен маңызын атап көрсетеді. Қазақ даласының құқықтық жүйесі, шариғаттың орындалу деңгейі және оның сот жүйесіне әсері қарастырылады. Сонымен қатар, билер соты мен Ислам құқығы соты арасында салыстырмалы талдау жүргізіледі. Қазақ ұлтындағы бітім, дінге келу, қанағаттану жолдары мен шариғаттағы қази, ризайы, сұлх, тақим және олардың күнделікті өмірде қолданылуы мен мәселелерді шешу жолдары салыстырылады. Қазақ хандығы дәуіріндегі ханның сайлануы және оның тақтан түсуі, халифаның тағайындалуы және оның ғазалдары, діни билік пен саяси билік арасындағы байланыс салыстырылады. Одан бөлек, діни немесе этикалық ережелердің мысалдары, атап айтқанда, қонақжайлылық, қылмыс және жазалауды салыстыру болып табылады. Осы дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңдары мен шариғат нормалары салыстырмалы түрде зерттеледі. Қорытындылай келе, қазақ даласындағы аумақтың орасан зор кеңістігіне қарамастан, қазақ қоғамындағы кейбір дәстүрлі құқықтық нормалар мен ережелер (оның ішінде болмашы ережелер де) қазақ даласының барлық аймақтарында бірдей болғаны анықталады.