DOI:
Ключові слова
бюрократия, мемлекеттік қызмет, өзгерістер, саяси басшылық, Либералды-демократиялық партия, Мэйджи
Осы мақалада Жапонияда әкімшілік органдармен және қоғамдық құқық жүйесімен байланысты тұрғыдан екінші дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған саясат пен бюрократия арасындағы қатынастардағы өзгерістер талданады. Құқықтық жүйедегі күрт өзгерістер немесе құқықтық реформа кейде саясат пен оны жүзеге асырудың шынайы мақсатына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, саяси басшылықты әкімшілік шешім қабылдайтын органдарға тарту жақсы не жаман деп кесіп айту қиын. Дегенмен, саяси көшбасшылықты жүзеге асырудың жолдары әр елде әртүрлі болады. Жапонияда талап етілетін билікті үлестіру стилін қарастырған кезде біз билікті теріс пайдаланудан қалай аулақ болу қажеттігін түсінуіміз қажет. Осыған байланысты, тұрақты бюрократиялық жүйені құру және басқарудағы әкімшілік сараптаманы сақтау және қамтамасыз ету Жапониядағы әкімшілік және атқарушы билікті теріс пайдалануды тоқтатудың жолдары болды. Осы өзгерістерді талдау арқылы заң қолдану және әкімшілік биліктің қазіргі болмысының институционалды негізі ұсынылған. Мақала соңында Жапониядағы билікті бөлу талабы және саяси басшылықтың әкімшілік билікке артып келе жатқан ықпалының мәселелерін шешу жолдары қарастырылған. Сонымен бірге кадрлық ұйым өз дербестігін сақтап, премьер-министрдің өрескел саясатын жүргізбей, атқарушы биліктің мүмкіндіктерін де шектемеуі тиіс деп қорытындылауға болады.