ФИЛОСОФИЯ. ДӘСТҮР. МӘДЕНИЕТ

ДИЗАЙН-ОЙЛАУ - ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ РЕТІНДЕ

Том 103 № 3 (2025), ФИЛОСОФИЯ. ДӘСТҮР. МӘДЕНИЕТ
Том 103 № 3 (2025)
2025-09-28 Көрілім саны: 106
Гүлхан Нұрадин
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік универсететі
Куралай Ермагамбетова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: e.kuralai@yandex.kz
Асия Аккулиева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілтті сөздер

дизайн-ойлау,
дизайн процесс
дизайн философиясы
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
әдістеме
проблема
құрылымдық модель

Аңдатпа

Қазіргі уақытта қазақстандық жас ұрпақ әлем халықтарымен бірге дамуда, бірақ олардың көреген болуы үшін әлі де жетілмеген, тиісінше қалыптаспаған тетіктер бар. Мақалада дизайн-ойлау студенттердің перспективалық шешімдер қабылдауына оң ықпал ететін әдістеме ретінде ұсынылады және оны философия мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер арқылы беру мүмкіндігі көрсетіледі. Дизайн-ойлау технологиялық зерттеулерде ұтымды қолданылғанымен, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда сирек қолданылады. Егер дизайн-ойлау жоғары оқу орындарындағы «Философия» сынды негізгі пәнінің бағдарламасына еніп, оның басымдылығын негіздейтін контенттер өссе, онда ол әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге еш кедергісіз еніп, ғылыми айналым арқылы тезірек таралуы мүмкін еді. Осы ойды негізге алған мақала авторлары дизайн-ойлаудың негізгі тұжырымдамалары мен процесін философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту үшін қалай қолданылу қажеттілігін көрсетеді. Мақаланың басты түйіні – дизайн-ойлаудың сипаттамалары мен ерекшеліктерін анықтау және оның қазақстандық студенттердің проблемаларын шешу дағдыларын дамытудағы тетіктерді талқылау.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нұрадин, Г., Ермагамбетова, К., & Аккулиева, А. (2025). ДИЗАЙН-ОЙЛАУ - ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ РЕТІНДЕ. Адам әлемі, 103(3), 45–53. https://doi.org/10.48010/aa.v103i3.637