ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ

САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ РЕСЕЙЛІК ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН-АМЕРИКАЛЫҚ ВЕКТОРЛАРДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ: КОМПАРАТИВИСТІК ТАЛДАУ

Том 102 № 4 (2024), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ
Том 102 № 4 (2024)
2024-12-25 Көрілім саны: 18
Лилия Зайниева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Эльмира Суимбаева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: ehlmira9@mail.ru
Камиля Абдрасилова
“ҚАЗНҰР” гуманитарлық колледжі
Айгуль Абжаппарова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ключові слова

саясаттану, білім беру, ХСҒҚ, ұлттық қауым-дастық, университет, колледж, кафедра, оқулық, басылым

Анотація

Саясаттану – адамдардың саяси ой-санасын қалыптастыру және олардың қоғамдық өмірге қатысуын реттеуде зор маңызға ие ғылым саласы. Бүгінде осы ғылымның дамуына, әсіресе пайда болуына жаһандық деңгейде де, жекелеген мемлекеттер деңгейінде де баса көңіл бөлінуде. Мақалада XVIII ғасырда құрылған Ресей университеттерінің саясаттану ғылымының дамуына қосқан үлесі жан-жақты қарастырылған. Саясаттануды өз алдына пән ретінде оқыту дәстүрі алғаш Мәскеу мемлекеттік университетіне, оның негізін қалаушы М.В. Ломоносовқа тиесілі. Бірқатар ғалымдардың пікірінше, Ресейде саясаттану туралы тұжырымдар әртүрлі қиындықтарға қарамастан және 1988 жылы Кеңес Одағында алғаш рет саясаттанушыларға арналған мамандықтар номенклатурасы бекітілгенге дейін дами берді.
Орыс ғалымдарының еңбектерін талдау барысында олардың ағылшынтілді авторлардың «саясаттану – америкалық фактордың шешуші әсері бар ағылшын-америкалық өнертабыс» деген тұжырымдарына қайшы келетіні анықталды. Әрине, аталмыш елдердің зерттеуші-ғалымдарының саясаттанудың дамуына қосқан сүбелі үлесін, олардың осы саладағы жетістіктерін әсте жоққа шығаруға болмайды. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуының ағылшын-америкалық нұсқасын жақтаушылар тұжырым-даған мұндай жағдайдың пайда болуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар: қоғамның шұғыл қажеттілігі, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың Еуропадағы ықпалын күшейту факторларының бірі болған ғылымның саясатқа әсері – назар аударуға тұрарлық жайттар.
Біздің ойымызша, әртүрлі елдердің ғалымдары мен саясат-керлерінің күш-жігерін сындарлы біріктіру арқылы саясаттану ғылымы теориялық және практикалық тұрғыдан одан әрі дами түсті.

Як цитувати

Зайниева, Л., Суимбаева, Э., Абдрасилова, К., & Абжаппарова, А. (2024). САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ РЕСЕЙЛІК ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН-АМЕРИКАЛЫҚ ВЕКТОРЛАРДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ: КОМПАРАТИВИСТІК ТАЛДАУ. Адам әлемі, 102(4), 74–84. https://doi.org/10.48010/aa.v102i4.638