DOI:
Ключові слова
Талибан, Ислам, Деобандия, дәстүр, Ауғанстан, дін
2021 жылдың тамызында Талибанның Кабулды басып алуынан кейін Ауғанстанның ішкі және аймақтық саясатында көптеген өзгерістер орын алды. Талибан ислам әмірлігінің ұлттық басқару идеясын қайта ойлап тапты. 2021 жылдың тамызында АҚШ пен басқа да халықаралық күштердің Ауғанстаннан асығыс шығуынан кейін Ауғанстандағы саяси және эконимикалық дағдарыс күшейе түсті. Осы тұрғыда мақала Талибанның билік құрылымын, олардың мінез-құлық кодексін, діни идеологиясын және соңғы 34 айдағы саясатын жан-жақты талдайды. Осы өзара әрекеттестікті қарастыра отырып, бұл зерттеу жұмысы «Талибан ханафи мазхабы мен деобандиялық бағытты қаншалықты дұрыс ұстайды? Талибан аймақтық экономика мен дінге қаншалықты терең ықпал ете алады?» деген сұрақтарға жауап беруге тырысады. Бұл сауалдарға жауап беру үшін мақала алдымен Ауғанстан тарихындағы саяси ислам мен дәстүрлерді сипаттайтын теориялық негіз ұсынады. Мақалада Ауғанстандағы исламдық үкіметтердің тарихы және олардың мінез-құлық кодекстері қарастырылады. Сонымен қатар мақалада Талибанның екі дәуірдегі (1996-2001 жылдар аралығындағы бірінші Ислам әмірлігі, 2021 жылдың тамызында Талибанның қайта билікке келуінен кейінгі кезең) басқаруы тұрғысынан аталмыш ислами кодекстердің саяси көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасалады.