ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Қазақстандағы «Ата жолы» діни ағымының болашағы

Том 103 № 2 (2025), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 103 № 2 (2025)
2025-06-30 Көрілім саны: 197
Зауре Малгараева
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Аян Орынтай
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: ayan.oryntay@gmail.com
Ринат Патеев
Татарстан Республикасы Қоғамдық палатасының дәстүрлі ресейлік рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау және нығайту жөніндегі комиссиясы

Кілтті сөздер

нью-эйдж, Ата жолы, ислам, эзотерика, қазақтың дәстүрлі құндылықтары, синкретизм

Аңдатпа

 Мақалада «Ата жолы» ұйымының діни профилінің анықтау мақсаты қойылды. Бүгінгі таңда ғылыми дискурста ұйымының түрлі түсініктері берілуде. Бір авторлар негізгі дискурс ретінде оны тоталитарлық/авторитарлық секта ретінде айқындайды. Басқалары дәстүрлi емдеу практикаларының түрi, ұлттық құндылықтардың қайта жаңғыруы ретiнде зерттейді.  «Ата жолы» өзі қазақ құндылықтарын  насихаттай отырып, өзін исламның өңірлік нұсқасы ретінде білдіреді. Мақалада ұйымның қызметін нью-эйдж деп жіктеуге болады деген қорытынды шығарылады. Тиісінше оның діни қызметінің нарративтері, тұжырымдамалары айқындалады. Ұйым қызметінің неғұрлым маңызды белгілері әртүрлі діни ілімдердің синкретизмі, оның ішінде эзотерикалық тәжіребилер, эклектизм, дәстүрлі қазақ құндылықтарына апелляция (ата-бабалар рухына сенім, зиярат, отты құрметтеу және т.б.), спиритуализм, гендерлік агенттігі және т.б. болып табылады. Медиумдар - «аққу» және «сұңқарлар» - қоғамға ұйымның негізгі идеяларды транслятор таратушы буыны болып табылады. Ұйымның басында мифологиялық нарративтермен таңылған басшы (негізін қалаушы Тарыбаев), төменгі буынды тұрақты емес адептер тобы құрайды. Мақалада олардың ұстанымдарының аморфтылығы, идеялық плюралистілігі, адогматикалығы, діни қызметкерлер және ғибадат үйлері сияқты институттардың жоқтығы оларға қазіргі заманғы адамның рухани өмірінде өз орнын табуға мүмкіндік береді деген қорытынды шығарылады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Малгараева, З., Орынтай, А., & Патеев, Р. (2025). Қазақстандағы «Ата жолы» діни ағымының болашағы. Адам әлемі, 103(2), 165–172. https://doi.org/10.48010/aa.v103i2.651