ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ

Том 101 № 3 (2024), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 101 № 3 (2024)
2024-09-27 Көрілім саны: 62
Бахытжан Сатершинов
Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК
Лаура Тоқтарбекова
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: lauratoktarbekova@gmail.com
Айгүл Әбдіраманова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Ключові слова

әйел статусы, гендер, дін, ислам, құқық, отбасы, феминизм

Анотація

Әлемнің әртүрлі елдерінде тарихтың әрқилы кезеңдерінде әйелге деген қатынастың өзіндік ерекшеліктері болды. Жалпы әйелдің физиологиялық бітімі мен болмысынан бастап оның қоғам мен саясаттағы, мораль мен құқықтағы, білім мен ғылымдағы, мәдениет пен өнердегі, тұрмыс пен отбасындағы орны мен мәртебесі мәселелері қай кезеңде болмасын өзектілігін жойған емес. Бұл мәселенің астарынан сакралдылық пен кәдуілгіліктің, діндарлық пен зайырлылықтың, матриархат пен патриархаттың диалектикасын байқауға болады. Адамзат тарихының ежелгі және ортағасырлық кезеңдеріндегі «ер адам» қоғамында консервативті үрдістердің мызғымас үстемдігі болса, кейінгі жүзжылдықтарда феминистік қозғалыстар пайда болып, гендерлік мәселе жаңа қырынан қойыла бастады. Гендерлік тақырыптың көтерілуіне әлемдегі жалпы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері үлкен ықпал еткені даусыз. Ал қазіргі жаппай цифрландыру жағдайындағы жаһандық ақпараттық қоғамда әйелдің киген киімінен бастап оның еркіндігіне дейінгі мәселелер жаңа қырынан қарастырылуда.
Бұл жаһандық өзгерістерден қазақ қоғамы да тыс қала алмайды. Әйел мәртебесіне деген көзқарас дәстүрлі және ислами түсінікпен қатар, заманауи зайырлы түсіндірмелердің арасында, ұлттық гомогенді және плюралистік гетерогенді интерпретациялардың арасында құбылып отыр. Сондықтан гендерлік мәселенің жаңа әлеуметтік қырлары гуманитарлық ғылымдар тарапынан, оның ішінде дінтану және исламтану тарапынан зерттеуге деген қызығушылық тудыруда.

Як цитувати

Сатершинов, Б., Тоқтарбекова, Л., & Әбдіраманова, А. (2024). ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ. Адам әлемі, 101(3), 184–193. https://doi.org/10.48010/aa.v101i3.653