ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ

Әйелдер көшбасшылығы Қазақстандағы саяси және азаматтық институттарды жетілдіру құралы ретінде

Том 102 № 4 (2024), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ
Том 102 № 4 (2024)
2024-12-25 Көрілім саны: 13
Жулдыз Давлетбаева
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы e-mail: zhuldyz.davletbayeva@apa.kz
Елена Семидоцких
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия

Ключові слова

гендерлік саясат, азаматтық қоғам, қоғамдық кеңестер, әйелдер көшбасшылығы, есеп беру, қатысу

Анотація

Әйелдер көшбасшылығы азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға қатысуын жетілдіру құралдарының бірі болып табылады. Осы баптың мақсаты әйелдердің саяси және азаматтық институттарға қатысуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында әйелдер көшбасшылығын дамытуға кедергі келтіретін факторларды зерделеу болып табылады. Осы мақсатта өкілді, заң шығарушы және атқарушы билік органдарында, ұйымдардағы басшылық позицияларда және шешім қабылдау лауазымдарында әйелдердің өкілдігіне талдау жүргізілді. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысындағы әйелдер арасында жүргізілген сараптамалық сұхбаттың нәтижелері, олардың әйелдер көшбасшылығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ мансаптық өсу жолындағы гендерлік кедергілерді қабылдауы тұрғысынан талданды. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік қызметте, мәслихаттарда және Парламентте жоғары саяси лауазымдардағы әйелдердің әлсіз өкілдігін көрсетті. Бұл ретте, әйелдердің Қоғамдық кеңестер құрамына қатысуы айтарлықтай жоғары (42%), бұл Қазақстанда әйелдер көшбасшылығын дамыту перспективаларының бар екендігін айғақтайды. Әйелдердің мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарға орналасуын тежейтін негізгі проблемалар қоғамда қалыптасқан стереотиптер, жұмыс пен отбасылық міндеттерді үйлестірудің күрделілігі, басшы қызметкерлердің жоғары жүктемесі мен жұмысының ерекшелігі болды. Зерттеу нәтижелері бойынша әйелдер көшбасшылығын қолдау саласындағы саясатты жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар беріледі.

Як цитувати

Давлетбаева, Ж., & Семидоцких, Е. (2024). Әйелдер көшбасшылығы Қазақстандағы саяси және азаматтық институттарды жетілдіру құралы ретінде. Адам әлемі, 102(4), 85–94. https://doi.org/10.48010/aa.v102i4.664