ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Денсаулық сақтауға қатысты адам құқығы, коммерцияланбаған денсаулық сақтау жүйесінің маңыздылығы мен неолиберал капитализм туғызған қиындықтар

Том 89 № 3 (2021), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Том 89 № 3 (2021)
2021-09-26 Көрілім саны: 264
Галым Жусипбек
Университет имени Сулеймана Демиреля e-mail: galym.zhussipbek@gmail.com
Нагаева Жанар
Университет имени Сулеймана Демиреля

Кілтті сөздер

неолиберал капитализм
адам құқықтары
адам құқықтарының әмбебаптығы
денсаулық сақтауға қатысты адам құқығы
коммерцияланбаған денсаулық сақтау жүйесі

Аңдатпа

Бұл мақалада негізгі адам құқықтарының біреуі болып саналатын денсаулық сақтауға қатысты адам құқығы мен коммерцияланбаған денсаулық сақтау жүйесінің маңыздылығы адам құқықтарының әмбебаптығы тұрғысынан қарастырылады. Сонымен қатар әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да денсаулық сақтау жүйесінде құрылымдық реформалар жүргізуге итермелеген неолиберал капитализмге сыни талдау жасалады. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, сонымен қатар денсаулық сақтау саласын коммерцияландыру мен коммодификациялау (тауарға айналдыру), әлемнің көптеген елдерінде тұратын миллиондаған адамдарға кері әсер ететін жаһандық мәселелерге айналды. Бұл мәселелер әсіресе COVID-19 пандемиясынан кейін өте өзекті болды. Мақалада Скандинавия елдерінде құрылған әлеуметтік мемлекет моделіне қысқаша шолу жасалады. Скандинав әлеуметтік мемлекет моделі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамдық денсаулыққа зияны тиетіндей коммерцияландыру мен коммодификациялаудан, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды оңтайландыру мен қысқартудан сақтап қалған.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жусипбек, Г., & Жанар, Н. (2021). Денсаулық сақтауға қатысты адам құқығы, коммерцияланбаған денсаулық сақтау жүйесінің маңыздылығы мен неолиберал капитализм туғызған қиындықтар. Адам әлемі, 89(3), 100–110. https://doi.org/10.48010/2021.3/1999-5849.09