ФИЛОСОФИЯ. ДӘСТҮР. МӘДЕНИЕТ

ДАЛА ЖАНЫНЫҢ АЙНАСЫ: ҚАЗАҚТАР МЕН ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Том 103 № 4 (2025), ФИЛОСОФИЯ. ДӘСТҮР. МӘДЕНИЕТ
Том 103 № 4 (2025)
2025-11-04 Көрілім саны: 51
Айман Гаппасова
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті e-mail: Aimana-84@mail.ru
Нұржан Кулумжанов
К.Сагадиев атындағы Халықаралық Бизнес университеті
Асем Көлбаева
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Кілтті сөздер

көшпелі өркениет, мәдени ұқсастықтар, тәңірлік, қазақ және қырғыз халықтары, ментальдық ұқсастықтар, әлеуметтік құрылым, тарихи сабақтастық

Аңдатпа

Мақала қазақтар мен қырғыздардың тарихи және мәдени ұқсастықтарын зерттейді, олардың біртұтас көшпелі өркениет аясында қалыптасқан ұзақ мерзімді өзара әрекеттестігінің күрделі феномені қарастырылады. Осы халықтардың ортақ өркениеттік бастаулары мен олардың әлеуметтік-мәдени эволюциясын тереңдетілген теориялық талдау арқылы сипаттай отырып, көшпелі өркениеттің ішкі диалектикасын зерттеу мақсат етілді.
Зерттеуде салыстырмалы-тарихи және өркениеттік әдістерді синтездеу арқылы екі этностың мәдени-әлеуметтік архетиптері мен олардың трансформациялық динамикасы талданды. Қазақтар мен қырғыздардың табиғи-географиялық ортаға экзистенциалдық бейімделуі, шаруашылық-экономикалық құрылымдардың инварианттылығы және рулық-тайпалық ұйымдасуының сакралды маңызы ізденістің негізін құрайды. Сонымен қатар, олардың дүниетанымдық жүйелерінің эпистемологиялық және аксиологиялық аспектілері, сенім құрылымдарының метафизикалық негіздері мен символикалық мазмұнының өзара байланысы ашылады.
Мақала көшпелі өркениеттің эпистемологиялық мәртебесіне қайта үңіле отырып, оны әмбебап философиялық парадигмалар контекстінде қайта пайымдауды ұсынады. Бұл тұрғыда мәдениеттердің өзара ықпалдастығы мен олардың экзистенциалдық тәжірибелерінің ортақ негіздерін анықтау, тарихи сана мен ұлттық болмыстың қалыптасуында шешуші рөл атқарған ұғымдық-онтологиялық құрылымдарды түсіндіру көзделді.
Зерттеу нәтижесінде қазақтар мен қырғыздардың мәдениеттеріндегі мәдени-өркениеттік түптамырлардың сәйкестігі және олардың жаһандану жағдайындағы өзекті ұлттық-саяси санасына ықпалы анықталды. Бұл талдау көшпелі өркениеттің ерекшеліктерін тек этнотарихи зерттеу шеңберінде ғана емес, сонымен қатар оны адамзат өркениетінің көпқырлы тұтас жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырудың қажеттілігін айқындайды.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Гаппасова, А., Кулумжанов, Н., & Көлбаева, А. (2025). ДАЛА ЖАНЫНЫҢ АЙНАСЫ: ҚАЗАҚТАР МЕН ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. Адам әлемі, 103(4), 27–37. https://doi.org/10.48010/aa.v103i4.700