ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Тәңіршілдік сенімі және оның зерттелуі кезеңдері

Том 103 № 4 (2025), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 103 № 4 (2025)
2025-11-04 Көрілім саны: 52
Ғибадат Төлеу
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қасқырбек Қалиев
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: kashonti@mail.ru

Кілтті сөздер

тәңіршілдік, неотәңіршілдік, аруақ, ата-баба, дәстүр, тәңіршілдік зерттеулер

Аңдатпа

Тәңіршілдік сенімі — бұл түркі халықтарының ерте дәуірдегі діни сенім жүйесі. Бұл сенімі ислам дінінің келуімен түркі әлемінде қатты әлсіреп жойылып кеткендей болатын. Бірақ қазіргі соңғы 10-15 жылда бұрынғы постсоветтік мемлкеттерде қайта жаңғыру үстінде. Бұл феномен ғалымдардың қызығушылығын арттырған болатын. Бұл мақалада соңғы жылдары Орта Азия және Ресей аймағында қайта жаңғыра бастаған тәңіршілдік сеніміне қатысты ақпараттар зерттелетін болады. Нақты айтқанда тәңіршілдік сенімі және оның зерттелу тарихы туралы мәліметтерге талдау жасалынады. Бұл тақырыпқа қатысты зерттеулер тарихы негізгі бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырылады. Сонымен қатар бұл мақалада ескі тәңіршілдік сенімі мен неотәңіршілдік сеніміне қатысты зерттеулердің қай кезеңде зерттелгендігіне мән беріледі. Зерттелу кезеңдерінің хронологиясы жасалып талданады. Сондай-ақ тәңіршілдік туралы отандық және шетелдік зерттеуші ғалымдардың айтқан пікірлері терең әрі жан-жақты талданатын болады. Зерттеуде негізінен ғылыми талдау, әдебиеттерге шолу, аналитикалық шолу сынды әдістер қолданылады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Төлеу, Ғ., & Қалиев, Қ. (2025). Тәңіршілдік сенімі және оның зерттелуі кезеңдері. Адам әлемі, 103(4), 172–177. https://doi.org/10.48010/aa.v103i4.703