ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

АҚАН СЕРІНІҢ «САБЫР ТҮБІ САРЫ АЛТЫН» ӨЛЕҢІНДЕГІ ДІННІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ: ТЕОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Том 103 № 3 (2025), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 103 № 3 (2025)
2025-09-28 Көрілім саны: 92
Рашид Мухитдинов
Египетский университет исламской культуры Нур-Мубарак e-mail: mukhitdinov.rashid@gmail.com
Юсуф
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті

Кілтті сөздер

Ақан сері, Науан хазірет, тілдік бейне, діни дүниетаным, өлең

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ тіліндегі діннің тілдік бейнесін баяндайтын тақырыптар көтеріледі. Мақаланың зерттеу нысаны ретінде Ақан серінің «Сабыр түбі сары алтын» атты өлеңіне теолингвистикалық талдау жасалады. Ақынның бұл шығармасы тарихи-мәдени контекстте ислам құндылықтарын бейнелеп, ислам тарихындағы маңызды, әйгілі оқиғалар мен пайғамбарлардың, дін үшін күрескен діни тұлғалардың үлгісін Науан хазіреттің өмірімен байланыстырып, оның рухани биіктігін айқын көрсететін әдеби мұра ретінде қарастырылады. Мұхаммед, Ибраһим, Мұса секілді агионимдердің Перғауын, Намрұт, Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли, Фатима, Рахима, Әбу Ханифа секілді діни антрапоимдердің тарихын Ақан поляризация, дидактикалық әдіс, идеялық тұтастық, конфликт, антитеза, аллюзия секілді жалпы мәтін талдаудағы филологиялық әдістерді қолдану арқылы баяндауы оның шебер ақын екендігін айқындайды. Осы арқылы ол қазақ халқының діни дүниетанымын айқын жеткізе алған. Құдайдың досы, екі жаһан, сабыр, шапағат, лағнет, рәсулла, үммет секілді діни ұғымдардың қазақ әдебиетіндегі қолданысына тілдік және исламтанулық талдау жасалды. Канондық мәтін немесе сакралды әдебиет саналатын Құран және сүннет мәтіндерінің қазақ поэзиясындағы, әдеби шығармаларындағы орнын көрсету арқылы қазақ халқының діни наным-сенімін анықтауды мақсат тұтылды. Мақалада қазақтың діни дүниетанымының тілдік бейнесін зерттеудің маңыздығылы көрсетілді. Діни тұлғалардың өміріндегі сабырдың рөлі мен оның рухани мәнін Құран аяттары мен хадистер үлгісінде келтіре отырып, Науан хазіреттің тағдырын тарихи және діни контексте ұғынуға талпыныс жасалды.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мухитдинов, Р., & Құрманғазыұлы, Ю. (2025). АҚАН СЕРІНІҢ «САБЫР ТҮБІ САРЫ АЛТЫН» ӨЛЕҢІНДЕГІ ДІННІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ: ТЕОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. Адам әлемі, 103(3), 131–140. https://doi.org/10.48010/aa.v103i3.704