DOI:
Кілтті сөздер
билік, бағыну, құндылықтар, ұғым, теориялық аспект, әлеуметтік теория, билік феномені, билік философиясы, концепция, талдау.
Мақала қайбір заманда болмасын өзекті тақырыптардың бірі болып табылатын билік феноменін зерттеуге бағытталған. Биліктің теориялық және концептуалды аспектілері биліктің мәнін, оның қоғамдағы көріністері мен механизмдерін түсінуге мүмкіндік беретін әртүрлі түсіндірмелерді, тәсілдер мен анықтамаларды қамтиды. Мақалада билік феноменін талдаудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдері қарастырылады. Билік фено-мені көпқырлы және оны әртүрлі позициялардан түсіндіруге болатындықтан оны теориялық көзқарастармен ұштастыра отырып, биліктің табиғатын, оның көздері, механизмдері мен әлеуметтік және мәдени контексттегі көріністері туралы жан-жақты түсініктемелер берілді.
Билік феноменінің ерекшеліктерін сипаттау үшін бұл зерттеуде билік феномені түсінігі және оның теориялық және концептуалды аспектілері қарастырылады. Автор биліктің мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі орнын көрсетуге тырысады. Билік құбылысын зерттеудің заманауи тәсілдері мен әдістері қолданылып, негізгі мәселелер көрсетіліп, философиялық талдау жасалды. Билік ұғымын анықтау үшін шетелдік саясаткерлер мен ғалымдардың еңбектері талданды. Бұл жұмыс билік түрлері мен оның мағыналары туралы түсінік береді. Мақалада басымдықтар мен құндылықтар, сондай-ақ билік басындағыларға жүктелетін міндеттер талқыланады.