ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Жасанды интеллект және цифрландыру дәуіріндегі діни бірегейліктің трансформациясы

Том 103 № 3 (2025), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 103 № 3 (2025)
2025-09-28 Көрілім саны: 72
Бауыржан Ботакараев
Египетский университет исламской культуры Нур-Мубарак
Асем Тастанова
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Акмоншак Усаинова
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті e-mail: akmonshak.ussainova@ayu.edu.kz
Муратбек Мырзабеков
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілтті сөздер

жасанды интеллект
діндарлық
діни бірегейлік
цифрландыру
трансформация

Аңдатпа

Адамзат тарихында дін мен діни өмірге түбегейлі өзгерістер әкелген үш жаңалық бар. Оның біріншісі – баспахана арқылы кітап пен өзге баспасөзді тарату, екіншісі – басылымдардың (газет, журнал және т.б.) дамуы мен индустрияландырудың нәтижесіндегі урбанизация, үшіншісі – интернет немесе цифрлық негіздегі қосымшалар. Баспа басылымдары мен урбанизация тек Еуропада немесе еврей, ислам және христиандық қоғамдардағы ғана емес, сонымен қатар буддистік, синтоистік және даолық қоғамдардағы діни ойды, өмір салты мен сенім формасын өзгертті. Ғаламтор 2000-шы жылдары ең жиі қолданылатын ақпарат көзі болған кезде адамның сенімі, ойлауы және өмір салты трансформацияға ұшырады. Модерндік кезеңнің көрсеткіші – баспахана болса, постмодерндіктің символы – теледидар, радио мен цифрландыру болды. «Виртуалды, кибер, цифрлық, онлайн» әлем деп аталатын жерде адамзаттың ақыл-ойын, эмоциясын, мінез-құлық пен әңгімелесуін шынайы өмірден виртуалды процеске тасыды.
Жасанды интеллект және цифрландыру қазіргі заманның ең маңызды трансформация құралдарының бірі және адамдардың діни бірегейлік туралы түсінігінде терең өзгерістерге алып келді. Бұл мақала аталмыш процестердің діни сенім мен тәжірибеге және бірегейлікке әсерін зерттеуге бағытталған. Цифрландыру ұсынатын жаңа коммуникация құралдары мен виртуалды платформалар діни ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдеткенімен, дәстүрлі діни құрылымдарында да өзгерістер туғызады. Екінші жағынан жасанды интеллекттің діни ілімдерді түсіндірудегі және жеке адамдардың рухани тәжірибесін қалыптастырудағы рөлі барған сайын айқын бола түсуде.
Зерттеуде осы технологиялық өзгерістердің діни бірегейлік пен қоғамға ұзақ мерзімді әсерін қарастыруымен қатар цифрлық дәуірдің діни бірегейлікке қатысты инновациялық және проблемалық аспектілеріне көп өлшемді шешім ұсынады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ботакараев, Б., Тастанова, А., Усаинова, А., & Мырзабеков, М. (2025). Жасанды интеллект және цифрландыру дәуіріндегі діни бірегейліктің трансформациясы. Адам әлемі, 103(3), 141–146. https://doi.org/10.48010/aa.v103i3.735