ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ДІНДАРЛЫҚ ПЕН ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ: ӘДІЛЕТТІЛІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ТЕТІКТЕРІ

Том 103 № 3 (2025), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 103 № 3 (2025)
2025-09-28 Көрілім саны: 49
Мархаббат Нуров
«Тұран» университеті e-mail: markhabbatnur@gmail.com
Оралбек Ысқақ
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілтті сөздер

діндарлық
зайырлылық
діни тепе-теңдік
әлеуметтік тұрақтытық
математикалық модельдеу
индекстік көрсеткіш
теңдеулер
ойын теориясы
әлеуметтік кеңістік
есептеу коэффиценттері

Аңдатпа

Ғылыми мақалада қазіргі қоғамда жиі қайталанатын діндарлық пен зайырлылық арасындағы тепе-теңдік мәселелерін модельдеудің теориялық механизмдері зерттеледі. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен әділеттілікті нығайту тетіктерін діни бағдарламаларды мемлекет ішінде жүзеге асырудан бастау мүмкіндіктері қоса қарастырылған. Діни кеңістіктегі әлеуметтік үрдістердің барлық дерлік даму тенденциясын математикалық кеңістікке параллель көшіру барысында ойындар теориясының көмегімен өрнектеле алатын жаңа математикалық теңдеулерді алуға болады. «Діни ахуалдан» туындайтын қақтығыстарды классификациялау кезінде оның «өзгергіштік» коэффицентінің тұрақты мәнінің динамикалық тұрғыда қандай мәндер қабылдай алатындығы күрделілік туғызады.
Мемлекет пен діннің арасындағы «алтын көпірде» халықтың мемлекет өміріндегі үлес салмағы мен белсенділігі соңғы он жылдықта зерттеушілер назарын өзіне аударып келе жатқандығы мәлім. Қоғамды қалыптастырушы және қайта құрушы, болмаса қоғамды күйретуші функцияларын орындайтын діндарлық қатынастар мен дін институтының ара-жігі дұрыс айқындалмаған күйде қалып жатқаны бар. Жаппай әлемдік жаһандану жағдайында «зайырлылық» классының мемлекет үшін қандай қолайлы тұстарымен ерекшелене алатындығы туралы көзқарас біркелкі болмай отыр. Сондықтан болар «діни ахуалдан» төнетін өзгеріске кейбір мемлекет зерттеушілер «қауіп» категориясында баға берсе, ал келесі мемлекеттердің зерттеушілері қоғам үшін қажет «жаңа мүмкіндік» ретінде қарастырады. Діни институттардың алға қойып отырған миссиясының ұлттық иденттілік реформалары үшін қаншалық қажет деңгейі де нақты есептелмеді. Әлеуметтік ғылымдар үшін бүгінгі таңда әлеуметтік зерттеулерден гөрі математикалық модельдеудің беретін мүмкіншіліктері көп екені даусыз.
Зерттеудің негізгі мақсаты – діндарлық пен зайырлылық арасындағы тепе-теңдікті нығайтудағы математикалық модельдеуді зерттеу. Мақалада сонымен қатар пайда болатын діни қақтығыстарды болжау үшін қажетті барлық математикалық модельдеуде қолданылатын негізгі зерттеу әдістері мен тәсілдері талқыланады. Әлемдік тәжірибе негізінде отандық діндарлық пен зайырлылық арасындағы тепе-теңдікті сақтайтын төл модельді де дүниеге әкелуге болады. Бұл мәселенің өз шеңберінде бірқатар әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси белгілердің жиынтығын топтастыратыны мәлім. ҚР үшін діндарлық пен зайырлылық арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыру – келешек болжаудағы ең маңызды қадамдардың бірі.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нуров, М., & Ысқақ , О. (2025). ДІНДАРЛЫҚ ПЕН ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ: ӘДІЛЕТТІЛІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ТЕТІКТЕРІ. Адам әлемі, 103(3), 167–176. https://doi.org/10.48010/aa.v103i3.744