DOI:
Кілтті сөздер
Күнделікті өмір, рефлекция, постмодернизм, күнделікті мәдениет, феномен, философиялық сана
Бұл мақала философиялық рефлексияның жаңа тақырыбы ретінде күнделікті өмір қарастырылады. Күнделікті өмірді зерттеудің қалыптасуын автор жаңа пәндік саласын көрсетеді. Зерттеу жұмысында күнделікті өмірдегі құбылысты түсінуге тырысатын негізгі тәсілдерге сипаттама береледі. Мақалада осы тақырыпқа ең танымал философиялық көзқарастардың ұстанымдары экзистенциализм мәдениет философиясы және постмодернизм мәдениет философиясы негізгі назарға алынды. Күнделікті өмірді зерттеудің ең адекватты әдістемесі постмодернизм мәдениетінің философиясы екені көрсетілген. Ол күнделікті өмірді зерттеудің дамуын қарастырады және осы құбылысты түсінудің әртүрлі философиялық тәсілдерін талдайды. Бұл тәсілден алынатын нәтиже осы мақаланың зерттеу мазмұнынан тікелей туындайды. Күнделікті өмірдің тұтас бейнесін және күнделікті өмірдің интегралды философиялық теориясын құру ең алдымен зерттеу жұмысын әзірлеуде перспективті міндет ретінде қарастырылды. Сондыдықтан экзистенциалдық және концепциялық философияның принциптерін, олардың негіздерін және методологиялық аспектілерін күрделірек салыстыруға бағытталады. Автор постмодернистік мәдени философияның көптік онтологиясына және дәстүрлі құрылымдардың деконструкциясына баса назар аудара отырып, күнделікті өмірді зерттеудің ең қолайлы әдістемесін ұсынатынын айтады. Күнделікті өмір бұл көзқарас бойынша белгісіздікпен, әртүрлі трансформациялармен және көптеген шындықтардың бірге өмір сүруімен сипатталады. Зерттеу әдіснамалық релятивизм қазіргі мәдени өмірдің өзгермелі және дамушы табиғатын түсіну үшін өте маңызды деген қорытындыға келеді.