DOI:
Кілтті сөздер
адам, бірегейлік, заманауи әлем, дәстүр, дүниетанымдық жүйе, көзқарас, мәдениет, руханият, тұлға, философия
Авторлар ғылыми мақалада адамның тұлғалық қалыптасуы мәселесін қазіргі қазақстандық қоғамдағы нақты әлеуметтік және рухани үдерістермен байланыстыра отырып зерделейді және құбылыстың философиялық және дүниетанымдық аспектілерін қарастырады. Авторлар мәселені зерделеу барысында философиялық-әлеуметтанулық әдіснамамен қатар пәнаралық тәсілді қолданады. Заманауи кезеңдегі саяси көзқарастармен бірге авторлар руханияттың өзгеруін, дәстүрлі және инновациялық дүниетанымдық ұстанымдардың өзара астасуын талдайды. Заманауи тұлға цифрлық бірегейлігін қалыптастыруға ұмтылады және оның тұлғалық өзін-өзі тануы жаңаша дүниетанымдық парадигмаларға негізделеді. Сонымен бірге, ғылыми мақалада когнитивтік бетбұрыс жағдайындағы мәдени және рухани таңдаулардың маңыздылығы көрсетіліп, оның дүниетанымдық перспективалары көрсетіледі.