ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ. ӘЛЕУМЕТ ЖӘНЕ САЯСАТ

РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: КӨП ПОЛЯРЛЫ ӘЛЕМДЕГІ САЯСИ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Том 103 № 4 (2025), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ. ӘЛЕУМЕТ ЖӘНЕ САЯСАТ
Том 103 № 4 (2025)
2025-11-04 Көрілім саны: 62
Әлібек Болат
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті e-mail: a.bolat.edu@gmail.com
Шолпан Саймова
МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК
Болат Молдабеков
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Кілтті сөздер

Қазақстан, ядролық қарусыздану, ядролық арсеналдан бас тарту, халықаралық қауіпсіздік, көпполюсті әлем, сыртқы саясат, геосаясат

Аңдатпа

Көпполярлы әлемнің қалыптасу жағдайында Қазақстан Ресей мен Қытай тәрізді аса ірі екі ядролық державаның ортасында өзіндік геосаяси мәртебесімен ерекшеленеді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін еліміз әлемдегі төртінші ең ірі ядролық арсеналды мұраға алғанына қарамастан, жаһандық қауіпсіздік пен қарусыздану қағидаттарына адал екенін көрсетіп, одан саналы түрде бас тартты. Бір жағынан, бұл қадам Қазақстанның сенімді серіктес және бейбітшіл ел ретіндегі халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік берді. Екінші жағынан, елдің Ресей мен Қытай ортасындағы қазіргі географиялық орналасуы ұлттық қауіпсіздік саласында қосымша сын-тегеуріндер тудырады, бұл мүдделер тепе-теңдігін сақтауды әрі икемді сыртқы саясат жүргізуді талап етеді. Басты мәселе – Қазақстанның әр тараппен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ұмтылысы ядролық қаруы орасан зор державалардың жаһандық бәсекесінен туындайтын қайшылықтарға тап болуы мүмкін. Ядролық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, бұл мемлекеттердің ядролық қаруды таратпау және қару-жарақты шектеу жөніндегі халықаралық шарттары аясындағы міндеттемелерін ұлттық мүдделермен ұштастыру қажеттігін туғызады. Бұл мәселенің шешімі Қазақстанның бейтарап көпір ретіндегі рөлін одан әрі жалғастырып, өңірде диалогты нығайту мен шиеленісті төмендетуге белсенді ықпал ету мүмкіндігінде жатыр. Автордың пайымы бойынша, ауқымды ядролық әлеуеттен ерікті түрде бас тарту тәжірибесі және тиісті бастамаларға белсенді қатысу Қазақстанға маңызды делдал ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Мұндай стратегия ұлттық қауіпсіздікті арттырумен қатар, ядролық мәселелерді жауапты ынтымақтастық пен дипломатиялық көшбасшылық арқылы шешудің әлеуетін көрсетеді.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Болат, Ә., Саймова, Ш., & Молдабеков, Б. (2025). РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: КӨП ПОЛЯРЛЫ ӘЛЕМДЕГІ САЯСИ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Адам әлемі, 103(4), 98–105. https://doi.org/10.48010/aa.v103i4.759