DOI:
Кілтті сөздер
әділеттілік, саяси оппозиция, саяси көзқарастар, мүдделер артикуляциясы, мүдделер агрегациясы
Бұл мақалада 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларына дейінгі және кейінгі кезеңдерде орын алған саяси және әлеуметтік өзгерістер аясында қазақстандықтардың қоғамдық санасындағы әділеттілік ұғымы қарастырылады. Ерекше назар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі бастамасына және әділеттілік тақырыбын мемлекеттік және қоғамдық дискурсқа қайта енгізуіне аударылады. 2021 және 2022 жылдары жүргізілген әлеуметтанулық зерттеулер нәтижелерінің негізінде қазақстандық қоғамда әділеттілік ұғымының қалай қабылданатыны, саяси институттарға деген сенім деңгейі мен азаматтардың құндылықтық бағдарлары талданады.
Жүргізілген далалық зерттеулер барысында алынған деректер қазақстандықтардың жаппай саяси санасының трансформациялану динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, әлеуметтанулық сауалнамалар көрсеткендей, қазақстандық қоғамдық пікірде бағынышты мәдениет басым – яғни, билік өкілдерінің пікірі мен ресми саясатқа мойынсұну байқалады. Осы шеңбер аясында не әділетті, не әділетсіз деген бағалау қалыптасады. Мақалада саяси технологиялар мен механизмдер тұрғысынан әділетті мемлекетті қалыптастыру қағидалары айқындалады. Авторлар әділеттілікті қамтамасыз етудегі институционалдық әлсіздіктің бар екенін атап өтіп, әлеуметтік қолдау мен саяси қатысудың тетіктерін нығайту қажеттігін ерекше көрсетеді.