DOI:
Кілтті сөздер
саяси-әлеуметтік
әділеттілік
дискурс
ізгілік
ел басқару
заң
Бұл мақалада орта ғасырдағы түркі ойшылы – Ж. Баласағұнның «Құтты білік» шығармасындағы әділеттілік идеясы философиялық әдіснамалар тұрғысынан сараланады. Алдымен, негізгі ұғымдар мен атауларға, адам есімдеріне логикалық-семантикалық және лингвистикалық философиялық талдаулар жүргізіліп, жыр мазмұнындағы дискурстарда «Әділеттілікті» арнайы концепт және қағида ретінде қарастыру негізге алынады. Әділеттілік және ел басқару ісі туралы дискурстың келбеті мен мәні сипатталады, нәтижесінде «озық, игілікті идея құндылығы» мен оның мазмұны басты орынға шығарылғандығы туралы қорытындылар алынады. Әділеттілік категориясының саяси-әлеуметтік сипат алуы мен генетикалық этикалық категориялардың онтологиялық түрде толғанылуы көрсетіледі. Әлеуметтік әділеттіліктің орнауы үшін қоғамда әділ заң үстемдігі қажеттігі, сонымен қатар, ел басқару кезінде саяси технологияларды да оңтайлы қолданудың тиімділі туралы пікірлер логикалық тұрғыдан жүйеленеді. Шығармадағы әділеттілік идеясын талдауда қазіргі заманғы ғылыми этикалық тұжырымдамалар пайдаланылады. Әділеттілік пен ізгілік туралы эпистемологиялық көзқарастардың да кездесетіндігіне шолу жасалады. Аскеттік өмір сүру стилі мен қалыпты ғұмыр кешу дискурсы талқыланады.