ФИЛОСОФИЯ. ДӘСТҮР. МӘДЕНИЕТ

ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫ - ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЫНЫҢ РУХАНИ БАСТАУЫ

Том 103 № 3 (2025), ФИЛОСОФИЯ. ДӘСТҮР. МӘДЕНИЕТ
Том 103 № 3 (2025)
2025-09-28 Көрілім саны: 110
Гәухар Барлыбаева
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Гүлнар Нүсіпова
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Айман Кельдинова
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: aimana_th@mail.ru
Жаныл Мадалиева
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілтті сөздер

қазақ философиясы, түркі этикасы, ойшыл, бастау, руханилық, сопылық, мұра, дүниетаным

Аңдатпа

Мақалада орасан зор зияткерлік әрі рухани тәжірибені бойына жинақтаған түркі-қазақ философиялық дәстүрі жан-жақты талданады. Авторлар түркі философиялық ойын қазақ философиясының бастау көздерінің бірі ретінде қарастырып, қазақтардың этикалық дүниетанымында ортағасырлық мұсылман ойшылдарының адам туралы екі іргелі дүниетанымдық бағытының өзара сабақтасып, үйлесімді көрініс тапқанын атап көрсетеді. Зерттеуде түркі халықтарының терең этикалық құндылықтарының айқын үлгісі ретінде танылған, аңыз данышпан, әрі кемеңгер ойшыл Қорқыт Атаның философиялық көзқарастарының маңызына арнайы назар аударылады. Бұл түркі-қазақ философиялық дәстүрі әлемдік философиялық ой жүйесіндегі бірегей, әрі ерекше құбылыс ретінде сипатталады. Аталған дәстүрде әрдайым этикалық мәселелер бақыт, ізгілік, ар-ождан, адамдық борыш сынды мәселелер алдыңғы қатарға шығып отырғаны айқындалады. Авторлар, сондай-ақ, қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын терең игеру мен оның құндылықтық-мағыналық өмірлік бағдарларын сақтап, жаңғыртудың маңыздылығын ерекше атап көрсетеді. Бұл ұлттық дүниетаным үлгісі қазіргі жаһандану жағдайында қоғамның рухани тұтастығы мен адамгершілік бағдарын сақтаудың маңызды тетігі ретінде ұсынылады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Барлыбаева, Г., Нүсіпова, Г., Кельдинова, А., & Мадалиева, Ж. (2025). ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫ - ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЫНЫҢ РУХАНИ БАСТАУЫ. Адам әлемі, 103(3), 10–18. https://doi.org/10.48010/aa.v103i3.798