DOI:
Ключові слова
Кілт сөздер: ұлттық бірегейлік, әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы, мемлекеттілік, ретроспективті талдау.
Аңдатпа.Әрбір ұлттың өзіндік бірегейлігінің қалыптасуы жолында тарихи тұлғалардың, мәдени құндылықтар мен тарихи жадының атқарар рөлі орасан зор. Өзінің ұлттық ерекшелігін анықтауда әрбір адам өзіне: "Біз кімбіз?" деп сұрақ қояды. Аталмыш сұраққа жауап беру арқылы әрбір ұлт өзінің ұлттық болмысын анықтайды. Мысалы, француз, ағылшын, қазақ және т.б. ұлттық бірегейліктер. Мақалада алдымен «ұлттық бірегейлік» ғылыми ұғымына анықтама беріле отырып, қазіргі таңдағы мемлекеттіліктің қалыптасуының ерекшеліктеріне тоқталып өтііледі. Мемлекетіміз тәуелсіздік жариялап, алғаш мемлекеттік институттардың қалыптас кезеңінде «ұлт құру», «ұлттық бірегейлікті қалыптастыру» ең маңызды мәселе болып қарастырылды.
Президент Қ.Ж.Тоқаев жарлығы негізінде 2020 жылы әль Фарабидың 1150 ж Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы атап өтілетін болды. Мақалада әль Фараби мен Абай Құнанбайұлының ХХІ ғасырдағы қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің қалыптасуындағы рөліне талдау жасалынады. Мақаланың мақсаты Қазақстан мысалында тарихи интеллектуалды тұлғалардың бейнесі арқылы ұлттық бірегейлік қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін, мақалада ретроспективалық талдау әдісі қолданылды. Әль Фараби мен Абай Құнанбайұлының тарихи рөліне талдау жасай келе, ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастыруына ықпалы талданады.
Кілт сөздер: ұлттық бірегейлік, әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы, мемлекеттілік, ретроспективті талдау.