ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ

АХМЕТ ЯССАУИ ХИКМЕТТЕРІНІҢ ЭКЗИСТЕНЦИАЛЫҚ СИПАТЫ

Том 90 № 4 (2021), ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ
Том 90 № 4 (2021)
2021-11-12 Көрілім саны: 246
Нурсултан Сарсенбеков
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті e-mail: nsarsenbekov@bk.ru

Ключові слова

Яссауи дүниетанымы, экзистенциалық гуманизм, шынайы Ғашықтық, болмыс, мән, өмір мен өлім феномені.

Анотація

Мақалада салыстырмалы сапалы зерттеу әдістерінің көмегімен терең тамырланған түркілік сопылық бағытын қалыптастырушы Ахмет Яссауидің «Диуани хикметтеріндегі» экзистенциалық ұғымдары талданады. Хикметтердің экзистенциалық сипатын ашу мақсатында: уақыт пен болмыс бірлігі мен күресі, Жаратушыға риясыз ғашықтық сондай-ақ, өмір мен өлім феномені сияқты метафизикалық мәселелер зерттелді.

Хикметтердің мазмұны діни тұрғыдағы уағыздық бағыттағы және қазақ даласында дамыған көшпелі өркениеттің қағидаттарға толы экзистенциалық түсініктер. Себебі, Хикметтердің негізгі мақсаты діни бағытта болғанымен, Жаратылыс және адам болмысы, Өмір һәм өлім, адамгершілік, әділдік, жауапкершілік, ар-ұждан сияқты экзистенциалдар жиі кездеседі. Хикметтердің негізгі ұстанымы-Ислам әлеміне тура жол ашу әрі «Кәміл мұсылман» қалыптастырудың тәсілдерін ұсыну.  Даналық кітабының тұжырымдамалары - экзистенциалық дағдарысқа ұшыраған жандар үшін трансцендентті қайшылықтардың аражігін ашудың тәсілі. Өмірдің мәнін түсіне алмай, экзистенциалық тоқырауға ұшыраған жандар үшін, шынайы өмірдің Мәнін түсіндіруде Ахмет Яссауи хикметтерін қолдануды жөн көрдік.

Як цитувати

Сарсенбеков, Н. (2021). АХМЕТ ЯССАУИ ХИКМЕТТЕРІНІҢ ЭКЗИСТЕНЦИАЛЫҚ СИПАТЫ. Адам әлемі, 90(4), 43–52. https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5849.05