DOI:
Ключові слова
мәдениет, құндылық, идентификация, фактор, мәдени зерттеу
Қазіргі таңда ғылымның мәдени құндылықтар саласында зерттелмей жатқан және заманауи тұрғыдан зерттеуді қажет ететін мәселелер баршылық. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жетіп, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани салаларындағы пайда болған түбегейлі өзгерістер мәдениеттанушылар алдына, оларды жаңаша зерделеу міндетін қойды. Осы міндетті жүзеге асыруда жұмысымызға жаңаша тұрғыдан қарау үшін, зерттеу тәсілдерін пайдалану қажеттілігі туындап тұр.
Біз зерттеу нысанасына алып отырған Сыр өңірінің мәдени құндылықтарының даму кезеңдерін, қызметі мен бағыттарын заманауи тұрғыда зерттеудің маңызы зор. Сыр өңірінің мәдени құндылықтары қазақ мәдениет әлемінің бөлшегі ретінде толыққанды мағлұмат беретін мəдени жəдігер болып табылады. Сыр өңірінің мәдени құндылықтарын талдаудағы ғылыми-теориялық мәселелері мәдени антропологияда бұған дейін арнайы зерттеу нысаны болмағандықтан, оны жан-жақты кең қамтылған пəнаралық өрісте қарастыру əрекеті семантикалық, прагматикалық идеялар негізінде зерттеу, мәдени құндылықтардағы ақпараттық мазмұндық-семиотикалық аясы негізінде ұлттық әлеуетін және түрлі мәдениетті құрайтын негізгі элементтерін жіктеу, түркі дүниетанымындағы мәдени құндылықтардың қасиеттілігі туралы түсінігін анықтау өзекті мəселе болып табылады. Мақалада кросс-мәдени зерттеу жүргізіп, кросс-мәдениеттегі ерекше мәселелерді, талаптар мен зерттеу бағыттарын анықтадық.