ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ

Өнер аудиториясы мәдени феномен ретінде

Том 89 № 3 (2021), ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ
Том 89 № 3 (2021)
2021-09-26 Көрілім саны: 292
Айдос Мақұлбеков
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет e-mail: aidossozak@mail.ru
https://orcid.org/0000-0002-2572-3892
Татьяна Дронзина
Әулие Климент Охридский атындағы София мемлекеттік университеті,

Ключові слова

Аудитория, жұртшылық, байланыс, театр, кино, теледидар.

Анотація

"Өнер тек өнер үшін" тұжырымдамасы өнер аудиториясының көрерменмен байланысын теріске шығаратын теорияларға қарамастан, өзінің үрдісінде өнер аудиториясыз тіршілік ете алмайды. Тек аудитория арқылы ғана өнер көркемдік хабарламасын таратып, өзінің әлеуметтік функцияларын іске асырады. Аудитория қарым-қатынас арқылы өнердің дамуы мен оның онтологиялық шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Өзара әрекеттесу аспектілері арқылы өнердің әлеуметтік қызмет етуін қамтамасыз етеді. Бұл тақырып бүгінгі модернизациялану кезеңінде өте өзекті екені сөзсіз. Бұқаралық қатынас құралдарының қарқынды дамуына болысатын бұрын-соңды болып көрмеген жаһандану, ақпараттық-технологиясы сияқты заманауи өркениетті беталыстар байқалады. Соңғы жылдары кең белең алып жатқан бұқаралық ақпараттар арқылы мәдениет пен өнерге ықпал ету мен оларды қалыптастыру мүмкіншіліктері пайда болды және өнерді адамның күнделікті тұрмысының элементіне айналдырды.

Як цитувати

Мақұлбеков, А., & Дронзина, Т. (2021). Өнер аудиториясы мәдени феномен ретінде. Адам әлемі, 89(3), 16–23. https://doi.org/10.48010/2021.3/1999-5849.02